Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасына 45 жыл Бауыржан Момышұлы (24 желтоқсан 1910 – 10 маусым 1982) – Ұлы Отан соғысының қатысушысы, Кеңес Одағының Батыры, панфиловшы, Москва үшін шайқасқа қатысқан, жазушы. Бауыржан Момышұлы қазақ көркем әдебиетіндегі әскери жанрдың негізін қалаушы болып табылады. Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» повесі (1974) – халқымыздың XX ғасырдың басындағы этнографиялық энциклопедиясы іспетті аса құнды, қазақ руханиятының қазынасы. Салт-сана, дәстүр, ұлттық келбеті өте шынайы суреттеледі. Бауыржан Момышұлы Мемлекеттік сыйлыққа (1976) ие болған «Ұшқан ұя» кітабында он алтыншы жылдың дүрбелеңі мен күштеп ұжымдастыру кезіндегі тартыстар батыл айтылып, Кеңес өкіметі қалыптасуының алғашқы жылдары кеңінен қамтылған. «Ұшқан ұяда» әлем тарихы, жаратылыс шежіресі,жан-жануарлар болмысы, қауымының қалыптасуы, әлемнің пайда болуы,тірлік,өмір туралы алғашқы мағлұматтарды, азаматтық тұрғыдағы аңыз-әңгімелерді әжесінен естігенін үлкен сүйіспеншілік сезімен есіне алған,сондай-ақ ненің жақсы , ненің жаман екенін, нені сүйіп, неден аулақ жүруді әжесінен үйренгенін мақтан етеді. Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасы 2018 жылы Қазақстанда өтетің «Бір ел –бір кітап» республикалық акциясының қатарына қосылды.