Қазақтың жылқыға қатысты мақал-мәтелдері : арғымақ антологиясы: Күлтегіннен күні бүгінге дейін / құраст. Е. Жаубай. – Алматы : Тарпанбаева А.Ш., 2023. – 400 б. – (Жаңа қазақ әдебиеті). Қолдарыңызға тиіп отырған халқымыздың асыл қазынасының бір тамшысы – «Қазақтың жылқыға қатысты мақал-мәтелдері» жинағы құрастырушының алғашқы еңбегі. Қазақ атауы жылқы ұғымымен бітісе кеткендігі сондай бұл екі ұғымды бір-бірінен бөле қарау мүмкін емес. Бұл көшпенділердің дала философиясын тамыршыдай тап басып көрсетер қысқа да нұсқа мақалдарды оқи отырып жылқы жануарына қатысты ерекше үш жағдайды түсінуге болады. Әлмаш, Айсұлу. Таныстар татулығы [Мәтін]/ А. Әлмаш. – Алматы: Балалар әдебиеті, 2022. – 92 б. Балаларға арналған «Таныстар татулығы» атты жинақ жас оқырмандарды адамгершілікке, достықты берік сақтауға үндейді. Жазушының қиял-ғажайып ертегілері адамды елітіп әкетіп, тартымды әрі қызықты оқылуымен ерекшеленеді. Мәжитов, Бағдат. Ауылдың суреті [Мәтін]/ Б. Мәжитов. – Алматы: Балалар әдебиеті, 2022. – 136 б.: сур. Бұл жинаққа Бағдат Мәжитовтың «Ауылдың суреті» атты кітабында әңгімелер мен әлем халықтарының ертегілері, өлеңдер, жұмбақтар, метаграммалар кіріп отыр. Қітапта балалар және жасөспірімдердің өмірінен өткен қызықты сәттері, қиялдары мен армандары, қызықты ертегілер, өздеріне тән болмыс-бітімдері суреттеледі. Мамырбаева, Ділдәр. Роботтар отбасы[Мәтін]/Д. Мамырбаева; сур. А. Садвакасов. – Алматы: Дәуір, 2022. – 208 б.: сур. Жазушы Д. Мамырбаеваның «Роботтар отбасы» атты жинағы оқырман жүрегімен үндестік табатын кітап. Онда білімді болумен қатар мейірімді, адал, адамгершілікті болу идеясы айтылады. Патшаның тағындай болған балалық шақтың әңгімелері ой жаңалығымен тартымды әрі қызықты. Құмар, Нұрлан. Көк байрақтай – көк жейде [Мәтін]/Н. Құмар; сур. А. Айтжанов. – Алматы: Өнер, 2022. – 376 б.: сур. Балаларға арнап, жас қазақстандық жазушы Нұрлан Құмар «Көк байрақтай – көк жейде» атты кітабын ұсынып отыр. Кітап екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде – әңгімелер жинағы, екіншісінде – қызықты ертегілер жинастырылған. Басылымдағы әрбір әңгіме әдептілікті, әрбір ертегі ерлікті, мейірбандылық пен бауырмал достықты алдыға тартады. Ендеше, зер салып оқып шықсандар – үлгі-өнегенің өлкесіне қанат жайып, кемел өмір кемесінде жүзе білесіздер. Оразбекұлы, Кеңес. Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибуттың шым-шытырақ хиқаялары = Невероятные приключения Жаргакбаса, Кылкенирдека и Шибута [Мәтін]: әзіл-күлкілі сериялы ертегі/К. Оразбекұлы; сур. Қ. Үмбетова. – Алматы: Орхон, 2022. – 104 б.: сур. Халық ауыз әдебиетінде Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибут атты шағын ертегі бар екенін барлығымыз жақсы білеміз. Осы кейіпкерлерді балалар жақсы көріп, суретін салуға құмар… Кеңес Орабекұлы әлгі ертегінің үш кейіпкерін жаңа сапада қайта тірілтіп, қызықты да күлдіргі хиқаятқа айналдырыпты. Тілі жеңіл әрі жатық, халық аузындағы сирек кездесетін мың иірімді қанатты сөздер мен сөз тіркестерін молынан қамтыған, оқырмандарды баурап алатын шым-шытырық оқиғалы мамұнды шығарма. Қазақ балалар әдебиетінің антологиясы / құраст. Б. Қошым- Ноғай. – Алматы: Әдебиет, 2021. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Байбота Қошым-Ноғайдың құрастыруымен «Әдебиет» баспа үйінен шыққан «Қазақ балалар әдебиетінің антологиясы» атты он томдық шығармалар жинағы жарық көрді. Көптомдықта балалар әдебиеті бағытында қалам тербеген ақын-жазушылардың өлеңдері мен әңгімелері, жұмбақтары мен жаңылтпаштары, мысалдар мен хикаяттары енген. Келли, Трю. Пабло Пикассо кім? [Мәтін] / Т. Келли; сур. Т. Келли; ауд. М. Сембайқызы. – Алматы : «Мазмұндама», 2022. – 112 б. Пабло Пикассо кім? • Сөйлеуден бұрын сурет салуды үйренген бала; • Үй жануарларын қатты көрген, тышқан, тасбақа, маймыл, көп ит пен мысық асырыған адам; • XX ғасырдың ең әйгілі суретшісі. Макдона, Йона Зелдис. Вольфганг Амадей Моцарт кім? [Мәтін] / Й. З. Макдона; ауд. Н. Қалкенбаева. – Алматы : «Мазмұндама», 2022. – 116 б. Вольфганг Амадей Моцарт кім? • 6 жасында Аустрия патшайымын фортепианода ойнау шеберлігімен таңғалдырған бала; • 35 жасында қайтыс болса да, азғантай ғұмырында 600-ден астам концерт, соната, симфония және опера жазған композитор; • Әзілдегенді ұнататын салмақты музыкант. Принс, Эйприл Джонс. Марк Твен кім? [Мәтін] / Э. Дж. Принс; ауд. Д. Сабазова. – Алматы : «Мазмұндама», 2022. – 112 б. Марк Твен кім? • Сэмуэль Клеменс атты кеме ломаны; • Миссисипи өзеіндегі кеме лоцманы, алтын іздеуші және саяхатшы, газет тілшісі; • Америкадағы ең әйгілі жазушылрадың бірі. Стайн, Мэган. Мария Кюри кім? [Мәтін] / М. Стайн; ауд. М. Сембайқызы; сур. Т. Хаммонд. – Алматы : «Мазмұндама», 2022. – 116 б. Мария Кюри кім? • Математика мен физиканы жақсы көрген дарынды қыз; • Радийді ашқан ғалым; • Нобель сылығын алған алғашқы әйел. Брейлер, Дж. М. Альберт Эйнштейн кім? [Мәтін] / Дж. М. Брейлер; ауд. Н. Қалкенбаева; сур. Р. Паркер. – Алматы : «Мазмұндама», 2022. – 112 б. Альберт Эйнштейн кім? • Жер бетінде өмір сүрген ең әйгілі адамдардың бірі; • Шаштары ұйпа-тұйпа әпенді адам; • Жаңалықтары мен теориялары арқылы телевизияны және атом бомбасын ашуға көмектескен ғалым. Әлімқұлов, Тәкен. Телқоңыр [Мәтін] : әңгімелер / Т. Әлімқұлов. – Қарағанды : «Qasym баспа үйі», 2021. – 142 б. – (Qasym kitaҺanasy). Біздің кітапхана қорына «Qasym баспа үйі» баспасынан «Qasym kitapҺanasy» сериясы бойынша жарық көрген қазақ және шетел әдебиеттердің классиктері Тәкен Әлімқұловтың «Телқоңыр», «Көкпар», Дулат Исабековтың «Сүйекші», Иван Буниннің «Арсеньевтің өмірі», Василий Янның «Шыңғыс хан», Шыңғыс Айтматовтың «Ақ кеме» кітаптары келіп түсті. Мазмұны қызықты, айтар ойы салмақты бұл кітаптар әдебиетке құмар барша оқырманға арналған. Лондон, Жәк. Қасқыр. Киш туралы аңыз [Мәтін] / Ж. Лондон ; ауд.: М. Әуезов, Рақым ; жоба авторы А. Құспан. – Алматы : Отбасы хрестоматиясы, 2021. – 64 б. : цв. ил. «Отбасы хрестоматиясы» жобасы аясында белгілі ресей және шетелдік авторлардың қазақ тіліне аударған шығармалары жарық көрді. Бұл кітаптар көкірегін құндылыққа толтырғысы келетін оқырманға арналады. Кітаптарды қазақ тіліне аударған М. Әуезов, А. Сайдалин, Т. Құнанбаев, Ә. Марғұлан және т.б. «Отбасы хрестоматиясы» жобасының авторы – Абзал Құспан. Линдгрен, А. Ұзыншұлық Пиппи достарымен бірге [Мәтін] / А. Линдгрен; ауд. М. Сембайқызы. – Нұр-Сұлтан : Фолиант, 2020. – 120 б. : сур. – (Балаларға арналған классика). Астрид Линдгрен – белгілі швед жазушысы. Ол әлемге танымал бірқатар балаларға арналған кітаптардың авторы. А. Линдгреннің «Ұзыншұлық Пиппи» алғашқы шығармаларының бірі. Бұл шығарма «Фолиант» баспасынан қазақ тілінде алғаш рет жарық көріп отыр. Ағылшын тілінен аударған М. Сембайқызы. Ұзыншұлық Пиппи қашанда көңілді. Ең бастысы – ол дос бола алады. Егер біреу Пиппиді көмекке шақырса, ол еш ойланбастан көмекке келеді… Обручев, В. Жұмбақ жер [Мәтін] : ғылыми-фантастикалық роман / В. Обручев; ауд. С. Ақтаев; сур. Д. Буташева – Нұр-Сұлтан : Фолиант, 2020. – 336 б. : сур. – (Шытырман оқиғалар). Арктикалық ақшулан мұздары арасында беймәлім аралдар болуы мүмкін деген жорамалға көптеген зерттеушілер таяу күндерге дейін сеніп келді. Белгілі орыс геологы, академик В. А. Обручев өз романына осы жорамалды негіз етіп, «Санников жері» деп аталатын аралды іздеп табуға аттанған экспедицияның басынан кешкендерін қызғылықты суреттейді. Кітапта осынау жұмбақ жердің табиғаты, оны мекендейтін адамдардың тіршілік тынысы айшықты бейнеленген. Көркем қиял танымдық қасиеті мол мәліметтермен шебер үйлесім тапқан. Твен, М. Том Сойердің басынан кешкендері [Мәтін] : хиқаят / М. Твен; ауд. Ф. Оңғарсынова; сур. Д. Буташева – Нұр-Сұлтан : Фолиант, 2020. – 256 б. : сур. – (Шытырман оқиғалар). Бұл классикалық туындыда Том Сойердің басынан кешкен қызықты оқиғалары суреттеледі. Оқиға тілі бай, түрлі тартыстарға толы. Кейіпкерлер және олардың өмірі, дүниетанымы арқылы сол кездегі, яғни ХVШ ғасырдағы АҚШ-тағы шағын қалашық тұрғындарының күнделікті жұмыс тіршілігі, қарапайым адамдардың, діни қызметкерлердің психологиясы, болмысы, түсінігі суреттеледі. Кейбір тұстардағы суреттер мен оқиғалар қазақ ауылындағы өмірді көз алдыңа әкелгендей болады. Омарұлы, Қаржаубай. Әке [Мәтін]: повесть /Қ. Омарұлы. – Нұр-Сұлтан: Muqaba, 2020.- 252 б. – (Qasym kitahanasy). Біздің кітапхана қорына «Muqaba» баспасынан, «Qasym kitaphanasy» сериясы бойынша жарық көрген қазақ әдебиетінің классиктері Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа», «Ергежейлі еліне саяхат», Дулат Исабековтың «Гауһар тас», Қ. Омарұлының «Әке», кітаптары келіп түсті. Жаңа шағын кітаптарды жан қалтаға салып өзіңізбен бірге алып жүруге өте қолайлы. Кітаптар балалар мен жасөспірімдерге, сондай-ақ, қиял әлемінен ажырамаған ересектерге арналады. Барлықтарыңызды кітап оқуға шақырамыз! Роулиң, Ж. К. Хәрри Поттер мен пәлсапа тас [Мәтін]/ Ж. К. Роулиң; ауд. Д. Мәзен. – Алматы : Steppe and World, 2020. – 324 б. – (Хәрри Поттер ). Сіздер әлемге әйгілі Гарри Поттерді білетін шығарсыздар? Әрине білесіздер! Әлемдегі бестселлерге айналған жазушы Дж. Роулингтің сиқыршылар жайлы романдар сериясы Алматы қаласындағы «Steppe&World Publishing» баспасында қазақ тілінде басылып шықты. Әзірше біздің кітапхана қоры «Хәрри Поттер мен пәлсапа тас», «Хәрри Поттер мен жасырын бөлме» және «Хәрри Поттер мен Азкабан тұтқыны» атты алғашқы үш романымен толықтырылды. Аудармашылар Harry Potter кейіпкерін Хәрри Поттер деп, түп-нұсқаға сай алған. Әлемдік бестселлерді қазақ тіліне аудару идеясының авторы «Steppe World & Publishing» баспасының негізі қалаушысы – Раиса Қадырқызы. Барлықтарыңызды кітап оқуға шақырамыз!