Қами, Нұрлан. Қыз Данайдың қырғыны : хикаяттар / Н. Қами. – Алматы : “БИБІ-АНА” қайырымдылық қоры”, 2023. – 248 б.

Жазушы Нұрлан Қамидың бұл жинағына автордың өзі туып-өскен ортасы, еліміздің батыс өлкесіндегі Жылыой өңіріне қатысты хикаяттар енгізілген. Осыдан екі ғасырдай уақыт бұрын өмір сүріп, атақ-даңқы алты алашқа жайылған әйгілі батыр мен ақылына көркі сай айтулы арудың арасындағы жан тебірентерлік махаббат, қос ғашықтың аз ғана күндік қызығын көре алмай, елден қуған ағайынның қатігездігінің астарында жатқан қат-қабат сырлар, халқымыздың сол кзге тән дүниетанымы мен салт-дәстүрінің кейбір қырлары мейлінше шынайы суреттеледі.

Телеуова, Зияш. Көл жағалауындағы көмбе хиқаят / З. Телеуова. – Алматы: Балалар әдебиеті, 2023. – 192 б.

Жасөспірімдерге арналған бұл шытырман оқиғалы шығарма жеңіл оқылады. Ұш бала бір қыздан құралған детектив тобы айналадағы түрлі құбылыстарға сергек көзбен қарауларының, тапқырлықтарының арқасында қоғамға жат құбылыстармен күресіп, өздері аңғарған заңға қайшы қылықтарды ашуға үлес қосады.

Әбілқайыр, Қанат. Жылан кегі [Мәтін]: хиқаттар мен новеллалар /Қ. Әбілқайыр. – Алматы: BAI BOL, Qazaq 2022. – 400 б.-(Жаңа қазақ әдебиеті)

Бұл кітапқа жазушы Қанат Әбілқайырдың соңғы жылдары жазған хиқаяттары мен новеллалары топтастырылып отыр. Қаламгер шығармаларында халықтың басынан өткен, қазір өтіп жатқан оқиғаларды өзек ете отырып, бүгінгі қазақ қоғамындағы түрлі мінездерді, ұлттың психологиясын, тарихи жадын, мистикалық танымен, әлеуеттік ахуалын жаңаша форма, жаңаша ойлау дәстүрімен шебер суреттейді.

Бабашева, Бақытгүл. Айсезім [Мәтін]: өлеңдер /Б. Бабаш. – Алматы: Дәуір, 2022. – 128 б.-(Жаңа қазақ әдебиеті)

Б. Бабашеваның «Айсезім» атты өлеңдер жинағы «Жаңа қазақ әдебиеті» сериясына еніп отыр. Автор іңкәр сезімді, көңіл күйін, махаббат пен мүнды кестелі сөзбен өрнектейді.

 

Нұғыман, Серік. Асыл қиқым [Мәтін]: әңгімелер /С. Нұғыман. – Алматы: Бибі-Ана қайырымдылық қоры, 2022. – 400 б.-(Жаңа қазақ әдебиеті)

Әдебиетімізде өзіндік қолтанбасын әлдеқашан айқындаған талантты қаламгер Серік Нұғманның бұл жинағына әр жылдары жазылған әңгімелері топтастырылып отыр. Шығармалардың бәрі дерлік ой ағысына құрылған, ішкі толғаныс, шиыршық атқан драмалық тартысты хал арқылы кейіпкер жандүниесінің небір нәзік иіріміне терең бойлап, құпия қатпарына сәуле түсіреді.

Хайнрихс, Джей. Дәлелді сөйле [Мәтін] : бізге Аристотель, Линкольн және Гомер Симпсон адамдарды иландыру өнері туралы не үйрете алады? / Д. Хайнрихс. – Алматы : Мазмұндама, 2022. – 408 б.

Дұрыс сөздерді орнымен қолдана білу – өнер; оларды ебін тауып орынды алмастыра білу – тұнып тұрған жұмбақ. Джей Хайнрихстің риторика жөніндегі тамаша заманауи нұсқаулығы сөйлеген сөзімізге қарай дәрежеміздің қандай болатынын көрсетеді.

Диспенза , Джо. Сергек Сана: ойыңды өзгертсең, өмірің де өзгереді [Мәтін] / Д. Диспенза ; ауд. А. Садықова. – Нұр-Сұлтан : Фолиант, 2022. – 360 б.

Бұл кітап миыңыз бен ғаламның қалай «жұмыс істейні» туралы ойыңызды өзгертеді.
Төрт апта ішінде өміріңізді өзгертетін бірегей бағдарлама: түпсанамен жұмыс жасаудың ғылыми әдісі, ой-эмоцияларыңызды түбегейлі өзгерту, медитация жасаудың дұрыс техникасы.

Грин, А. Алқызыл желкендер. Толқын перісі [Мәтін]: роман / А. Грин; ауд. Ә. Жұмабаев; сур. Д. Буташева – Нұр-Сұлтан : Фолиант, 2020. – 120 б. : сур. – (Әлемдік классика).

Автор бұл шығармасында адамдық бақыттың әлемде теңдесі жоқ романтикалық әлемін жасады. Роман – махаббат жайлы сырлы да нәзік поэма. Бұл кітапта алқызыл желкендер туралы ертегі шындыққа айналады. Сол арқылы егер адам арманшыл болса, шын бақытқа ұмтылғысы келсе, ол жолда өзіне сенімді, рухты болса – түбі соған жетеріне сендіреді.
«Толқын перісі» – романтизм өкілі Александр Гриннің басты шығармаларының бірі. Толқын бетімен жүре алатын ғажайып қабілетке ие әдемі қыз Фрези Грант туралы романды оқи отырып, арманшыл Томас Гарвеймен бірге «Толқын перісімен» және «Сүңгуірмен» саяхат жасаңыз.

Момышұлы, Бақытжан. Қара Жұлдыз [Мәтін]: роман-ертегі/ Б. Момышұлы.  Ю. Серебрянский; сур. А. Сас. – Алматы.: Книжный клуб, 2019. – 136 б.: сур.

Бұл романның басты кейіпкері – Қара Жұлдыз есімді ханзада. Қара Жұлдыз ханзада есею шағына жетер, қасына өзін тәрбиелеген сүт-анасы-қаншық қасқыр мен қорғанышы, тәлімгері ақжал бөріні ертіп, әке шаңырағын кетіп,  жолға шығады.

Ұзақ жолдан жүріп өткен ханзада өзінің қаншалықты өзгергенің, мақсатқа жету жолының қаншалықты ауырлығын, әр кездескен әлем оны өзіне жақын тартатынын да, алыстатынын да ұғынады.

Булгаков, Михаил. Ит жүрегі[Мәтін] /М. Булгаков; ауд. К. Ахметов.- Нұр-Сұлтан: Muqaba, 2020.- 124б.  – (Qasym kitahanasy).

Қазақшаға аударылып, тұңғыш рет «Muqaba» баспасынан жарық көріп отырған М. Булгаковтың танымал шығармасы көпшілік оқырманға арналады.

 

 

Лондон, Джек. Теңіз қорқауы [Мәтін]/ Дж. Лондон; ауд. Д. Әшімханұлы. – Нұр-Сұлтан: Muqaba, 2020.- 428б. – (Qasym kitahanasy).

Қаламгерлер ішінде өмірлік тәжірибесінің көптігімен ерекшеленетін америкалық жазушы Джек Лондонның «Теңіз қорқауы» романы әлемнің көптеген тіліне аударылып, бірнеше рет экрандалған. «Muqaba» баспасында қазақ тілінде жарық көріп отырған шығарма көпшілік оқырманға арналады.

 

Нұршайықов, Әзілхан. Махаббат, қызық мол жылдар [Мәтін]: роман /Ә. Нұршайықов. –  Нұр-Сұлтан: Muqaba, 2020.- 414 б. – (Qasym kitahanasy).

«Махаббат, қызық мол жылдар» романы жарияланған кезінен бастап кітап сөрелерінен түспей келеді. Жоғары сынып оқушылары үшін бұл роман жақсы мен жаманның, адалдық пен арамдықтың ара жігін ажыратып беретін, үлкен өмірге дайындайтын хрестоматия іспетті.

 

Омарұлы, Қаржаубай. Әке [Мәтін]: повесть /Қ. Омарұлы. –  Нұр-Сұлтан: Muqaba, 2020.- 252 б. – (Qasym kitahanasy).

«Әке» повесі қайта құру кезінде жазылып, жарық көруі мен таралуы тоқсаныншы жылдарға сәйкес келді. Сол жылдары бала болған  оқырмандар бұл шығарманы ерекше ықыласпен еске алады.

Жаңа заманның балалары үшін де қызықты кітапқа айналатыны сөзсіз.

 

Соқпақбаев, Бердібек. Ергежейлілер еліне саяхат [Мәтін]:хиқаят, әңгімелер /Б. Соқпақпаев –  Нұр-Сұлтан: Muqaba, 2020.- 96 б. – (Qasym kitahanasy).

«Ергежейлілер еліне саяхат» хиқаяты Б. Соқпақбаевтың соңғы шығармасы болып есептеледі. Сол кездегі саяси жағдайға байланысты шығарма жарық көрмей қалған. Жеке кітап болып   «Muqaba» баспасында бірінші рет жарық көріп отыр.