МАРАТ ҚАБАНБАЙ – 75 ЖЫЛ

Марат Қабанбаев (1948-2000) – Қазақстанның балалар жазушысы, публицист, халықаралық Г.Х. Андерсен атындағы сыйлығының лауреаты.
1966 жылы алғашқы әңгімесі «Сөну» «Жұлдыз» журналында жарияланды.
М. Қабанбай «Арыстан, мен, виолончель және қасапхана», «Бақбақ басы толған күн», «Жиһанкез Тити», «Қала және қыз бала», «Еркін сабақ», «Сурет салғым келмейді», «Атлантиканың арғы жағы, бергі жағы» хикаяттары, әңгімелерімен қатар «Кермек дәм», «Айшылық алыс жол», «Ақшақар», «Пысық болдым, мінеки», «Туған жердің төрт мезгілі», «Тамшылар», «Ормандағы айқай» атты балаларға арналған шығармаларды жазды.
«Бақбақ басы толған күн» хикаятының негізінде «Он екі жасқа толғанда», «Когда тебе 12 лет» деген толық метражды телефильм түсірілді. Әр жылдары балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармалардың республикалық жабық бәйгесінде жүлделі орындарды жеңіп алған «Ащы дәм» романы (1977) – соғыс зардабын тартқан Мараттың құрдастарының балалық шағы туралы, жетімдік, соғыстың ұзақ та ащы дәмі туралы. Жазушының «Жаңғырық » әңгімесінде (1991) де соғыс тақырыбы ашылған.
Марат Қабанбай Қазақстан Жазушылары Одағының М.Әуезов атындағы сыйлығының лауреаты.
М.Қабанбаевтың шығармалары украин, молдаван, латыш, неміс, өзбек тілдеріне аударылған.
Абай атындағы облыстық балалар кітапханасының қорындағы Марат Қабанбайдың шығармалары: