Сейфуллин Сәкен (1894 – 1938) ақын, жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері, ағартушы, қазақ әдебиетінің негізін салушы. 1910 жылы «Өткен күндер» атты алғашқы өлеңдер жинағы жарық көрді. Сәкен 1894 жылы қазаның 15-ші жұлдызында Ақмола уезі, Нілді болысында дүниеге келген. Сәкен 1905-1909 жж. Нілді кенішініндегі Спасскідегі мыс балқытатын зауытта оры-қазақ бастауыш мектепке оқыды, 1909-1911 жж. Ақмоладағы екі сыныпты приход мектебінде, 1913 ж. Сейфуллин Мағжан Жұмабаевпен бірге Омбыдағы мұғалімдер семинариясына түседі. 1914 жылы Омбыда құрылған қазақ жастарының «Бірлік» мәдени-ағарту ұйымының сол қанатын басқарады. 1916 жылы С.Сейфуллин «Толқыну» атты өленді қазақ халқының 1916 жылы толқыған оқиғаларына байланысты жазады. 1918 жылы шілде айында жазушы абақтыға қамалды. Одан атаман Анненковтың азап вагондарына міңгізіп, омбыға, Новосибирьге, Барнаулға, Семейге апарып, сол жолмен қайта Омбыға алып келді. 1929 жылдың тамыз айынан бастап Алматыдағы қазақ педагогикалық институтында қазақ әдебиеті кафедрасының доценті. Қазақ әдебиетінің шығармаларын, ауыз әдебиеті үлгілерін жинақтайды. 1932 жылы қазақ әдебиетінің тарихы студенттерге арналған оқулықтың бірінші бөлімі шықты. 1931 жылы «Біздің тұрмыс» атты сатирикалық романның үзінділері жарық көрді. 1937 жылы Сәкен Сейфуллин «халық жауы» деген айып тағылып ұсталып, 1938 ж. 23 ақпанда Алматы қаласында атылды. 1957 ж. 21 наурызда бұрыңғы қылмыстық ісі тоқтатылып, толық ақталды. С. Сейфуллин есімімен С. Сейфуллин атындағы ауыл, Қарағандыа драма театр аталған, Омбы облысының көшелері, Астана және Алматы басты көшелерінің біріне Сәкеннің есімі берілген. Сәкен Сейфуллинің Абай атындағы балалар кітапханасы қорындағы шығармалары: