«Жетістік формуласы» бенефис шоуы. Сергей Анмен кездесу Жетістік формуласы» бенефис шоуы. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының республикалық тізіліміне енгізілген «Жетістік формуласы» жобасының аясында НОМАД ММА аралас жекпе-жек өнерінің ұлттық стилінің негізін қалаушы, жаттықтырушы, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы, қалалық мәслихаттың депутаты Сергей Валентинович Анмен кездесу өтті. №10, 27 ЖОББМ, №95 гимназияның балалары және Қарағанды «Болашақ» колледжінің балалары Қонақпен танысып, сөйлесуге мүмкіндік алды. Балалармен диалог қызықты әрі мазмұнды болды, бенефис-шоуға қатысқандар: «Сіз үшін бақыт дегеніміз не?», «Сіздің өкінішіңіз бар ма, өз өміріңізде нені өзгерткіңіз келеді?», «Сіздің жетістікке жетуіңіздің сыры неде?, «Сіздің спорттағы алғашқы марапатыңыз қандай болды?», «Сіз дінге қалай қарайсыз?» және т.б. сұрақтар қойды. Сергей Валентинович әңгімелесу барысында өзінің балалық және жасөспірім шағы туралы, Қонақ отбасын және өзінің жаттықтырушылық қызметі өз өмірінде маңызды орын алатыны туралы айтты. Балалар Қонақтың поэзия жазатын, гитарада ойнайтын, сурет салуға әуестенген, жарыстар өткізу әдістеріне арналған кітаптар шығаратын, қытайдың халықтың медицинасын зерделейтін жан-жақты тұлға екенін білді. 2008 жылдан бастап NOMAD MMA жекпе-жек күресінің ұлттық түрінің Дүниежүзілік федерациясысының вице-президенті болып табылады. 2010 жылдан – ҚР Республикалық одағы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы. Сергей Валентинович Ан «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы», «Жауынгерлік өнерінің шебері», «Еңбек сіңірген тәлімгер», «Қазақстан Республикасының спорт шебері» төсбелгілерінің иегері, 30 жыл жаттықтырушылық қызметпен айналысады, оның өмірлік ұстанымы: «Ешқашанда берілме!». Қонақ балаларға 15 жыл бойы бүгінгі күні әлемнің 15 елінде танылған аралас жекпе-жек өнерінен өз стилін дамытқанын әңгімелеп берді. «Nomad MMA» әдісі – қазақ жауынгерлерінің ежелгі дәстүрлерін және заманауи әлемнің бейнесін біріктірген спортшыны жан-жақты дамытудың әдісі, бұл рухы және дене күші мықты жауынгерлерді, өз елінің шынайы патриоттарын тәрбиелеуге мүмкіндік беретін әдіс. Қонақ «Қандай кітаптар Сіздің есіңізде қалды?» – деген сұраққа, балаларға Ж.Верннің шытырман оқиғалар романдарын оқуды ұсынды және Сергей Есениннің шығармасын атап өтті.Кездесу барысында Қонақ қойылған 41 сұрақтың барлығына жауап берді. Мадина Закирова мен Данил Леваштанов қойған сұрақтар Сергей Валентинович үшін ең ең үздік сұрақ болып табылды, оларға естелікке өзінің «NOMAD MMA Дүниежүзілік федерациясының ережелері» кітабын табыс етті.”Жұлдызға теңескенше оқы” кітап көрмесінде балаларға танысу үшін қазіргі заманғы балалар кітаптары, ал “Балалық шағымның кітаптары” тақырыптық сөресінде Сергей Валентинович Ан әуестене оқыған кітаптар ұсынылды. Кездесу соңында Қонақ “Құрметті қонақтар кітабында”, балалар “Оқырмандар пікірінің кітабында” бенефис-шоу туралы естелік пікірлерін қалдырды.