Сәуiр 27, 2021 «Әл-Фараби – өркениет философы» атты интеллектуалды ойын By odb-abai inЖаңалықтар Кітапханада 27 сәуір күні халқымызға білімнің, нәрін сепкен аса ірі тұлға Әбунасыр Әл-Фараби мұраларын жан-жақты ерекше тұлға болғандығын анықтау мақсатында «Әл–Фараби -өркениет философы» атты интеллектуалды ойын-сайысы өткізілді. Жас ұрпаққа халқымыздың тарихын тереңдете оқытып, тәрбиені ұлттық бағытта өрістету ісінде танымдық ойын арқылы ежелгі замандағы Отырар топырағында туған, халқымызға мол мұра қалдырған ғалым Әбу Насыр Әл-Фарабидің өмір жолдарымен, тарихтағы алатын орындарымен таныстыру. Сайысқа №1 «Білім-инновация» лицей-интернатының «БИЛ қырандары» және №2 «Білім-инновация» лицей-интернатының «Жалын» топтары қатысты. Ойын 3-кезеңнен тұрды. Әр кезеңде оқушыларға Әл-Фарабидің өмір жолына, шығармаларына, ғылымға қосқан үлесіне байланысты танымдық сұрақтар мен тапсырмалар беріліп отырды. Тағылымы мол іс-шараға Қарағанды қаласындағы Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні ұстазы А.Сүлеймен, «Әл-Фараби атындағы мектеп-гимназиясының бейіндік оқыту жұмысы жөніндегі орынбасары, Әл-Фараби атындағы музейдің жетекші А.Рахимова және Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының басшысы Б.Уатаева қазылық жасады. Лицей-интернаттардың 7-сынып оқушылары сайысқа жақсы дайындықпен келгендерін аңғартты. Ойын нәтижесінде №2 «Білім-инновация» лицей-интернатының «БИЛ қырандары» тобы жеңіске жетті. Ойынның барлық қатысушыларына қызықты ойын үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз және жеңімпаздарды құттықтаймыз!