«Шын жүректен кітап сыйла!» акциясы

Кітап сыйлау күні Ғабиден Мұстафин атындағы жалпы білім беретін мектептің 3 сынып оқушылары кітапханаға келіп, жеке кітаптарын сыйға тартты. Балаларға кітапхана бойынша қызықты экскурсия ұйымдастырылып, сирек кездесетін және танымал басылымдар туралы айтылды. Шара соңы дауыстап оқумен аяқталды, балалар Р.Бонильяның «Ну ты и гусь!» шығармасын қызығушылықпен тыңдап талқылады.
Бұл шара оқырмандарға қуаныш сыйлап қана қоймай, кітапхана қорын жаңа кітаптармен толықтырды.

Пайдалы демалыс

Қысқы демалыстарында Әл-Фараби атындағы мектеп-гимназияның 1-сынып оқушылары сынып жетекшілерімен бірге біздің кітапханаға экскурсияға келді. Балалар кітапхана туралы ақпарат алып, қызықты кітаптармен танысты. Экскурсия соңында балалар кітапхана оқырманы болып, біздің кітапханаға жиі келуге уәде берді.

«Менің балалық шағымның қаласы» бейнекруизі

Абай атындағы облыстық балалар кітапханасы В.Ф. Потанин атындағы Қорған облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасымен бірлесіп «Менің балалық шағымның қаласы» бейнекруизі өткізілді.
Екі кітапхананың оқырман балалары кездесу барысында өз қалаларының бай тарихы туралы, өңірлердің дамуына зор үлес қосқан көрнекті тұлғалар жайлы көптеген қызықты мәліметтер алды. Балалардың әрқайсысы өздерінің сүйікті қаласы туралы ой бөлісіп, арнайы дайындалған бейнероликтер көріп тамашалады.
Бұл кездесу мектеп оқушыларының өміріндегі маңызды сәт болды, халықтар арасындағы байланыстарды нығайтуға және ортақ мәдени кеңістікті қалыптастыруға ықпал етті.

«Менің балалық шағымның қаласы» бейнекруизі

Абай атындағы облыстық балалар кітапханасы В.Ф. Потанин атындағы Қорған облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасымен бірлесіп «Менің балалық шағымның қаласы» бейнекруизі өткізілді.
Екі кітапхананың оқырман балалары кездесу барысында өз қалаларының бай тарихы туралы, өңірлердің дамуына зор үлес қосқан көрнекті тұлғалар жайлы көптеген қызықты мәліметтер алды. Балалардың әрқайсысы өздерінің сүйікті қаласы туралы ой бөлісіп, арнайы дайындалған бейнероликтер көріп тамашалады.
Бұл кездесу мектеп оқушыларының өміріндегі маңызды сәт болды, халықтар арасындағы байланыстарды нығайтуға және ортақ мәдени кеңістікті қалыптастыруға ықпал етті.

«Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы ақыны» әдеби сағаты

Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы аясында кітапхана қызметкерлері Григорий Потанин атындағы жалпы білім беретін мектептің кітапханасы ұйымдастырған «Абай Құнанбайұлы – қазақ халқының ұлы ақыны» атты әдеби сағатына қатысты. Мектеп кітапханашылары қазақтың рухани кемеңгері Абайдың өмірбаянынан аз танымал фактілермен бөлісіп, ақынның қазақ әдебиетін дамытуға қосқан баға жетпес үлесі туралы оқушылардың білімін кеңейту мақсатында қызықты іс-шара өткізді.
Шара барысында оқушылар кітапханамыздың қорындағы Абайдың сирек кездесетін, бірегей таңдамалы жинағымен танысуға мүмкіндік алды. Танысуға ұсынылған кітаптар арасында балалардың ерекше қызығушылығына ие болған туынды – 1949 жылы Алматыда жарық көрген А. Пушкиннің «Таңдамалы шығармалары» болды. Бұл кітапта ұлы орыс ақынының ағылшын, неміс және француз тілдеріне аударылған өлеңдерімен қатар, Абай қазақ тіліне аударған «Евгений Онегиннің» үзінділері басылған.
Бұл әдеби сағат балалардың жүрегінде ұмытылмас әсер қалдырып, Абай мұрасын және жалпы әдеби шығармашылықты одан әрі зерттеуге шабыттандырды деп үміттенеміз.

Қазақстанның Халық әртісі Кеңес Жұмабековпен кездесу

«Барлық мамандықтар қажет, барлық мамандықтар маңызды» тақырыбының аясында кітапханада Қазақстанның Халық әртісі, С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрының актері және драматургі Кеңес Жұмабековпен «Сахна өнерінің сұңғыласы» атты кездесу өтті. Балалардың теар өнерінің мамандықтары туралы білімдерін кеңейтіп, ұлттық театр өнері мен киноға деген қызығушылығын арттыру мақсатында бұл іс-шараға жоғары сынып оқушылары шақырылды.
Кездесу барысында Кеңес Жұмабеков театр және кино саласындағы терең білімімен, жылдар бойы тынымсыз еңбек етіп жинаған орасан зор тәжірибесімен бөлісті. Ол өзінің драмалық шығармалары, пьесалары жайлы және шығармашылық жолын қуған Қарағандының талантты тұлғаларына арнап жазған кітаптары туралы айтып берді. Балалар қонағымыздың өнерге толы еңбек жолына үлкен қызығушылық танытып, алғашқы рөлдері, шығармашылық жолы және сахна өнерін таңдау мотивтері туралы көптеген сұрақтар қойып, жылы лебіздерін білдірді. Қазақ театр өнерінің дамуына елеулі үлес қосқан тұлғамен жүздесу барлық оқушылардың жан-дүниесіне терең әсер қалдырып, театр өнерін одан әрі зерттеуге түрткі болды.

Лидия Чарскаяның «Царевна льдинка» ертегісін дауыстап оқу

Биыл балалар жазушы Лидия Чарскаяның туғанына 150 жыл толды. Небәрі 20 жыл ішінде оның қаламынан 80 повесть, 20 ертегі, 200 өлең шықты.
«Ертегілер мен оқиғалар сағаты» жобасы аясында балаларға жазушының «Царевна льдинка» ертегісін №1 гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Зинькив Елена Степановна дауыстап оқыды. Жазушының шығармасы Суық патшаның үш қызы Боран, Суық және Мұздық туралы өсиет ертегісі. Олардың ең кішісі Мұздық ерекше сұлулық пен мейірімділікпен ерекшеленеді. Шытырман сюжет кейіпкерлерінің басынан өткен оқиғаларын баяндайды.

Жолбарыс

Бүгін біз африкалық жануар – жолбарыстың қолөнерін жасау бойынша шеберлік сабағын өткіздік. Сабағымыз жұмбақтан басталды, оны шешкеннен кейін балалар «Жолбарыстар туралы не білесің? Неліктен жолбарыстың жолақтары бар?» сұрақтарына жауап берді.
Балалар бұл таңғажайып жануарды талқылауға белсене қатысты, содан кейін жолбарыс қолөнерін жасауға кірісті. Ол үшін бізге «жолбарыс» шаблондары, желім, қайшы және түрлі-түсті қарындаштар қажет болды.

Кітапханамен қашықтықтан танысу

Абай атындағы балалар кітапханасы көшпелі іс-шараларды өткізуді жалғастыруда. Кітапхана мамандары «LimPoPo» балалардың шығармашылық даму орталығына барып, қатысушыларды кітапхананың тарихы, қызмет көрсету бөлімдері және клубтар мен үйірмелердің жұмыс жоспарларымен таныстырды.
Оқушыларға жаңа кітап басылымдары ұсынылып шолу жасалды. Сондай-ақ кітапханаға келіп жазылуға ниет білдірген балалар шақырылды.

«Әдемі сөйле» курсы

«Әдемі сөйле» курсының бүгінгі қатысушылары – «Фемида» заң академиясының студенттері. Болашақ заң мамандары үнемі халықпен жұмыс істейтіндіктен, оларға аудитория алдында сөйлеу, ортамен тіл табысу, келіссөз жүргізу, адамдармен дұрыс сөйлесе алу машығы өте маңызды. Бір сағат көлемінде студенттер болашақ қызметтеріне аса қажет ораторлық өнердің қыр-сырымен қаруландыратын әдіс-тәсілдермен танысты.