Маусым 13, 2024 «Әке – алтын діңгек» кітап көрмесі By odb-abai inЖаңалықтар Маусымның үшінші жексенбісінде Қазақстанда Әкелер күні аталып өтіледі. Осы мерекеге орай кітапханада «Әке – алтын діңгек» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге әке туралы, әкенің отбасындағы және қоғамдағы борышы жайындағы прозалық және поэтикалық шығармалар қойылған. Көрмені тамашалуға жазғы мектеп жанындағы лагерінің балалары қатысты. Ұлы Отан соғысының батыры Бауыржан Момышұлының ұлы Бақытжан Момышұлының «Во имя отца», «Восхождение к отцу» кітабы ерекше қымбат дүние, онда әкенің, қазақ халқы ұлының бейнесі керемет көрініс тапқан.