Қыркүйек 16, 2024 «Денсаулық сабағы» By odb-abai inЖаңалықтар Кітапханада №1 гимназияның 2 «А» сынып оқушыларының қатысуымен «Дәрумендер – денсаулық кепілі» атты денсаулық сабағы өткізілді. Балаларға жоғары санатты санитарлық дәрігер Әділбаева Рымкүл Майсатқызы салауатты өмір салты туралы, күн тәртібін сақтау, дене шынықтырумен айналысу, пайдалы дәрумендерді қолдану қажеттілігі туралы айтып берді. Балалар жұмбақтардың шешімін тауып, викториналық сұрақтарға жауап берді. Содан кейін барлығы бірге дене шынықтыру жаттығуларын жасады. Балалар «күнделікті әдеттерін» сахналап орындады, «Денсаулық ағашын» өсірді, «ертегіні толықтыр», «сұрақ–жауап», «мақал-мәтелді жалғастыр» сайысына қатысып, барлығы бірге бой сергіту жаттығуларын жасады. Балаларға салауатты өмір салтын ұстануда кеңес беретін және көмектесетін кітаптар туралы да ақпарат берілді.