«Ертегілер мен оқиғалар сағаты» дауыстап оқу

«Ертегілер мен оқиғалар сағаты» дауыстап оқу

«Kitap Time – 2024» III республикалық кітап фестивалі аясында «Ертегілер мен оқиғалар сағаты» атты дауыстап оқу өтті. Балаларға Әсел Имайоның «Сиқырлы скрипканың ертегілері» атты бірегей кітабы таңдалды. «AРТ-МИРАЙ» қазақтың музыка мұрасын сақтау қорының негізін салушы Әсел Имайоның қиялынан туған «Сиқырлы скрипканың ертегілері» деп аталатын кітап балаларды да, ересектерді де бейжай қалдырмайды. Оқиғалары қызық, безендірілуінің өзі өзгеше.
Бұл — жай ғана ертегілер жинағы емес, сиқырлы кітап. Кішкентай оқырмандарымыз қазақтың музыкалық шығармаларынан шабыт алып жазған автордың ертегілерін оқып қана қоймай, QR-кодтың көмегімен музыкалық шығармаларды тыңдай да алады. Ол үшін ұялы телефонның камерасын QR кодына бағыттап, сілтеме бойынша өту керек. Автордың кітабындағы ертегілер қазақ, орыс, және ағылшын тілдерінде басылған.
Дауыстап оқуды №21 НОМ кітапханашысы А.Ж. Искакова жүргізді. Шара қызықты болып жас оқырмандардың көңілінен шықты.

Comments are closed.