«Шабыт шуағы»

«Шабыт шуағы»

Биыл Қарағандылық балалар ақыны, драматург Бүркіт Ысқақұлының туғанына 100 жыл. Қаламы қарымды қаламгердің мерейтойы аясында кітапханамызда 2024 жылдың наурыз айынан бастап қазан айына дейін «Шабыт шуағы» облыстық сахналық қойылым байқауы жарияланған болатын. Бүгін өтінім жіберген барлық 10 қатысушы ұжымның сахналық қойлымдарын тамашалау сәті және байқаудың қорытынды әрі марапаттау кеші «С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрының» кіші залында өтті.
Қатысушылардың қойлымдарын бағалауда әділ қазылық жасаған Алматы қаласынан арнайы шақыртумен келген Бүркіт Ысқақұлының қызы, қазақ радиосының ардагері Айгүл Бүркітқызы Ысқақова, Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің докторанты, Бүркіт Ысқақов танушы Ә.Б. Жағыпар, Қарағанды мемлекеттік институтының ұстазы, филология ғылымының кандидаты, профессор Б. М. Ибраева, ҚР мәдениет қайраткері, С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрының актері, режиссер Б.М. Киекбаев.
Б.Ысқақұлының 100 жылдығына арналған «Шабыт шуағы» облыстық сахналық қойылым байқауында I орынды Нұра ауданы, Изенді ауылының оқушылары иеленді. ІІ орынды иеленген Ж.Ақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушылары, ІІІ орынды Осакаров ауданы, Молодежный кентінің және №36 ЖББ мектебінің оқушылары иеленді. Сондай-ақ, «үздік актер», «үздік актриса», «үздік образ», «үздік қойылым», «үздік декорация» номинацияларымен №53 мектеп-лицейінің, М.Мамыраев атындағы №68 мектеп-интернатының, Приозерск қаласы №2 ЖББМ, Ғ.Мұстафин атындағы ЖББМ, Ақтоғай ауданы К.Байсейітова атындағы ЖББ мектебінің оқушылары марапатталды.

Comments are closed.