Ақпан 1, 2018 Лаңкестіктің ұлты, діні, шекарасы жоқ By odb-abai inЖаңалықтар Қазақстанда және әлемде лаңкестік пен терроризмге қарсы жүргізіліп жатқан іс-әрекеттерді жас жеткіншектерге түсіндіру мақсатында кітапхана қызметкерлері ақпан айының 1-і күні №3 гимназияның 9-сынып оқушыларына барып «Лаңкестіктің ұлты, діні, шекарасы жоқ» атты әңгіме өткізді. Оқушылар назарына «Терроризмсіз болашақ» атты презентация, Қазақстандағы лаңкестік туралы бейнеролик және «Терроризм актісінің қаупі туынадаған немесе терроризм актісі жасалған жағдайдағы әрекеттер» туралы жаднама көрсетілді. Аталмыш шара соңында тақырыпқа сай ұйымдастырылған «Діни экстремизм және терроризм» атты тақырыптық сөреге шолу жасалды. Іс-шара сонында оқушыларға айтылған әңгіме бойынша сұрақтар қойылып, ұтымды жауаптар алынды.