Әуезов, Мұхтар. Абай Құнанбаев: монографиялық зерттеулер мен мақалалар / М. Әуезов ; құраст. Н. Ақбаев. – Алматы : Санат, 1995. – 320 б.

         Жинаққа ұлы жазушы М. Әуезовтің (1897-1961) кемеңгер ақын әрі ойшыл Абай Құнанбаев туралы әр жылдарда жазған еңбектері енгізілді. Кітап ақынның туғаныны 150 жыл толу мерейтойына байланысты шығарылып отыр.

Кітап студенттерге және көпшілік оқырмандарға арналған.

img542
img543
img544
img545

Жұртбай, Тұрсын. Құнанбай [Мәтін] : тарихи және әдеби тұлға / Т. Жұртбай. – Алматы : Алаш, 2004. – 400 б.

Жазушы Тұрсын Жұртбайдың бұл еңбегіндегі басты нысана – өмірлік шындық пен «Абай жолы» роман-эпопеясында бейнеленген көркем шындықты салыстыра отырып, қазақ тарихындағы жетекші тұлағаның бірі Құнанбайдың ұлттық руханияттан алатын орнын саралау болып табылады.
Зерттеуге оқырманға бұрын белгісіз архив құжаттары мен қалың қауымға бимәлім қолжазбалар мен мұрағат құжаттары, естелік дәптерлері мен жазбалар барынша мол пайдаланылған.
Көркемдеуге Е. Сидоркиннің суреті пайдаланылды.

img050
img052
img053

Әуезов, Мұхтар. Абай жолы [Мәтін]. 4 кітап / М. Әуезов. – Алматы: Жеті жарғы, 1997. – 336 б.

«Абай жолы» – Мұхтар Әуезовтың әлемге әйгілі тарихи романдар топтамасы – қазақ халқының тұңғыш эпопеясы.

img108
img109
img110

Әуезов, Мұхтар. «Абай жолының» хрестоматиялық баяны [Мәтін]: жалпы білім беретін мектептің 9-11 сыныптар оқушыларына арналған оқу құралы / М. Әуезов. – Алматы : Мектеп, 2002. – 248 б.

Кітапта М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы ықшамдалып беріліп, мектеп оқушыларының әйгілі эпопеямен бастапқы таныстыруына арналған дидактикалық оқу құралы ретінде ұсынылып отыр. Романның тілі, құрылымдық желісі өз күйінде сақтала отырып, оқиғалар ауқымына ғана қысқартулар жасалған. Ондай тұстарда құрастырушылар тарапынан шағын байланыстырушы мәтіндер беріледі.
Бұл хрестоматиялық баянды мектеп оқушыларына қоса студенттер мен мұғалімдер де, роман-эпопеяны түпнұсқасынан оқуға ықыласты өзге тілді оқырмандар да пайдалана алады.

img097
img098
img099

Әуезов, Мұхтар. Абайтану дәрістерінің дерек көздері [Мәтін] / М. Әуезов. – Алматы : Санат, 1997. – 448 б.

М. Әуезовтің Абай мұрасы туралы ғылыми-зерттеу жұмыстары мен көркем туындылары, олардың түрлі қолжазба нұсқалары, тезистері, шашпапікірлері, хашиялары, баяндамалары мен сөйлеген сөздері, хаттары бүгінде он бес томды құрайтыны анықталып отыр. Ұлы жазушының абайтану саласында жарияланбаған, архив сөресінде сақталынып келген материалдарының өзі ғана бірнеше кітап болмақ.
Абайтану саласындағы жазушының ғұмыр бойғы ізденістері екі салада қатар жүргізілді: оның ұлы ақын мұрасын ғылыми негізде тану бағытындағы зерттеулері жиырма жылға жуық мерзімді қамтыса, Абайдың қөркем бейнесін әр түрлі жанрда сомдауға он екі жыл өмірін арнады. Қолдарыңыздағы кітапта абайтанудың негізін салу жолындағы Әуезовтың мол мұрасы оқырман қауымға жүйеленіп беріліп отыр.
Кітап студенттерге, әдебиетшілерге, көпшілік оқырманға арналған.

img102
img103
img104
img105
img106
img107