Archive Наурыз 2022

«Аяулы Анам»

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында №3 гимназияның 4 «Г» сынып оқушылары арасында «Аяулы Анам» атты ойын-сайыс өткізілді.
Балалар «Шоколадты интуиция», «Гүлді шалғын», «Несмеяна», «Зейінділігін тексеру», «Наурыз поэзиясы» және т.б түрлі сайыстарға белсене қатысты.
Ойын бағдарламасы балалардың әдебиеттен алған білімдерін, өздерінің зеректілігін, тапқырлығын және зейінділігін көрсетуге мүмкіндік берді.
Іс-шара соңы «Анашым менің» атты музыкалық құттықтаумен және өлеңдер оқумен аяқталды.

1
2
3
4
5
6
7
8
9
10

Ғабит Мүсіреповтің 120 жылдығына

Кітапхананың оқу залында көрнекті жазушы, драматург, сценарист Ғабит Мүсіреповтің туғанына 120 жыл толуына орай «Көркем сөздің шебері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Сөрелерде жазушының романдары, повестері, әңгімелері, пьесалары, эсселері мен очерктері, белгілі әдебиеттанушылар мен журналистердің газет-журналдағы жарияланымдары қойылған.
Жазушының қаламына арқау болған аналар, қыздар туралы шығармалары: «Ұлпан» романы ондағы Ұлпан бейнесі, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» дастанындағы Баян бейнесі, «Ананың анасы» әңгімесіндегі Ер ана бейнесі бүкіл ана атаулының қыр сырын ашып бергендей. Сондай-ақ, Ғ. Мүсірепов ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті мен кинематографиясының тарихында елеулі із қалдырды.
Құрметті оқырмандар! Жазушының шығармаларын оқуға шақырамыз!

IMG_8862
IMG_8863
IMG_8865
IMG_8866
IMG_8878
IMG_8882

«Шуақ»

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні, бұл ересектер де, балалар да асыға күтетін мереке. Аналар мен әжелерді, тәтелер мен апа-қарындастарды құттықтап, сыйлықтар, ашықхаттар мен тосын сыйлар жасаймыз.
«Самовар» баспасының «8 наурыз» өлеңдер мен әндер жинағынан Михаил Садовскийдің «Этот мамин день» өлеңін тыңдаған бүлдіршіндер «Шуақ» шығармашылық студиясында мереке күні өздерінің жақындарын құттықтау үшін мерекелік қолөнер бұйымдарын зор қуанышпен жасады.

1
2
3
4
5

Алғыс айту күні

1- наурыз Алғыс айту күніне орай кітапханада «Мейірімді Қазақстан жері» атты танымдық сабағы №3 гимназияның 5 сынып оқушыларының қатысуымен өткізілді. Басқосуда балалар тағдырдың соқпақ жолында қуғын-сүргінге ұшыраған бабалар ерлігін еске алды.
Іс-шараға «Wiedergeburt» неміс орталығы» Қарағанды облыстық қоғамының өкілдері келді. Қазақстан еліне өз алғыстарын айтып, қонақжай қазақ халқының дархандығында шек жоқ екендігін тілге тиек етті. Сондай-ақ оқушылар неміс халқының өлеңдерін оқып, өнерлерін көрсетті.

IMG_8763
IMG_8776
IMG_8789
IMG_8791
IMG_8808
IMG_8819
IMG_8821
IMG_8825
IMG_8831
IMG_8835