Archive Маусым 2022

«Азбука» баспасының кітаптарын ұсынамыз.

«Азбука» баспасы – Ресейдің ең үлкен баспаларының бірі. Жыл сайын 100-ден астам кітап сериялары мен жеке баспа жобаларын, 1500-ден астам кітап атауын шығарады. «Азбука» баспасының жобалары көптеген беделді марапаттар мен дипломдарға ие. Ең басты бағыты: орыс және шетел әдебиеті, заманауи және көркем әдеби аудармалар, балалар әдебиеті, тарих пен өнерге арналған иллюстрацияланған сөздіктер және анықтамалар, фэнтези және шытырман оқиғалар, комикстар мен манга.
Келіңіздер! Оқыңыздар!

 

 

«Жұмбақ криминалистика»

Детектив жанры – әлем әдебиетінде өзіндік орны бар жанр, сондай-ақ ол қазіргі заманда оқырмандар тарапынан өзіне қатты қызығушылық тудырып отырған жанрлардың бірі. Бала кезімізде қай-қайсымыз да детектив жанрында жазылған кітаптарды қызыға оқыдық: Кітаптағы шым-шытырық оқиғалардың қалай шешілетінін білу мақсатында бүгін кітапханада «Жұмбақ криминалистика» атты тергеу ойыны өтті. Балалар ойынға белсене қатысып, кітапханашылар ұсынған детектив жанрындағы басылымдармен танысты.

«Мұз қайығы»

28 маусымда кітапханада қызықты фактілер күнін өткізді. № 45  мектепшілік жазғы лагердің балаларымен бірге мұздан «Мұздан жасалған қайықтар», «Мұздағы оюлар» қызықты тәжірибелер түрлерін жасады. Мұндай тәжірибелерді үй жағдайында жылдың кез – келген мезгілінде дайындауға болады. Адам өміріне қауіпсіз болғандықтан, балалар осындай тәжірбиелерді өздері жасауға болады.

«Өзі-өзіне режиссер» тақырыптық күні

Жадыраған жаз мезгілінің шуақты күндерінде біздің тақырыптық күндеріміз жалғасуда. Қала мектептерінің мектеп жанындағы лагерлерінің балалары топқа бөлініп «ТикТок» қосымшасында өсімдіктер әлемі туралы кітаптардан роликтер жасауды үйренді. Балалардың қабілеті мен шеберлігі мұғалімдер мен тәрбиешілер сараптап үздік жұмыстарды кітапхананың әлеуметтік желідегі парақшаларына орналастырылды.

«Есірткіге жол жоқ!» кітапханалық акциясы

26 маусым Халықаралық нашақорлыққа және есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы күрес күні болып жарияланды.
Ішімдікке қарағанда, есірткіге тәуелділіктің әлдеқайда жиі және жылдам пайда болуына байланысты бұл мәселе бүкіл әлемде өзекті болып отыр.
Осы күні «Есірткіге жол жоқ!» кітапханалық акциясы өткізілді. Кітапханашылар қала көшелеріне шығып, қала тұрғындары мен қонақтарына есірткінің зияндығы туралы ақпарат айтып салауатты өмір салтын ұстануға үндейтін парақшалар таратты.

«Бір кітап – бір тарих»

«Бір кітап – бір тарих» тақырыптық күн аясында белгілі балалар жазушысы, суретші Владимир Сутеевтің шығармашылығына арналды.
Іс-шараға №1 мектеп жанындағы гимназия лагерінің оқушылары және №78 ЖББМ автордың кітаптарын, мультфильмдерін, суреттерін жасау тарихын білді. Шара соңында балаларға В. Сутеевтің ертегілері бойынша интерактивті викторина өткізілді.

«Адамның дене мүшелері»

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесінің сабағы «Адамның дене мүшелері» тақырыбында өткізілді. Балалар сабақта адамның иық, қол, аяқ, шынтақ, тізе, табан және т.б. дене мүшелерін қазақ тілінде айтып үйренді.

«Әдеби компас»

Адам сан ғасырлар бойы қоршаған әлемді, атап айтқанда, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігін бақылап олардың сырларын ашуға тырысады.
Осы ұранмен «Кітап өсімдіктер мен жануарлар әлемін ашады

тақырыбында жазғы оқу залына №91 ЖББМ жанындағы лагерь балаларына арналған іс-шара ұйымдастырылды.
Балалар викториналар мен ойындарға белсене қатысып, кітаптар мен мерзімді басылымдардан флора мен фауна әлемі туралы көптеген қызықты мәліметтер білді.

 

«Пілге арналған ерекше тіс пастасы»

21 маусымда кітапханада өзгеше қызықты фактілер күні өтті. № 64 мектепшілік жазғы лагерінің балалары пілге арналған ерекше тіс пастасын зор қызығушылықпен жасап, өздері тәжірибе жүзінде шеберліктерін танытты. Олар шыққан пастаны ынтазарлыкпен бақылап, аралас заттардың химиялық реакциясын қызыға тамашалады.
Балаларға осы тәжірибені үй жағдайында ересектердің бақылаумен жасап өткізу ұсынылды.

«Өзі-өзіне режиссер» тақырыптық күні

Әдеттегідей кітапханамызда «Өзі-өзіне режиссер» атты тақырыптық күні өтті. «Тик-ток» мобильді қосымшасы арқылы балаларға әлем мемлекеттеріне арналған кітаптарды жарнамалау туралы тапсырма берілді. Ең үздік топтың бейнеролигі кітапхананың әлеуметтік желілеріне қойылады.