Archive Шiлде 2024

«Әдеби аула»

Жаз – демалыс пен саяхат уақыты ғана емес, кітап оқу уақыты.
31 шілдеде «Жаз. Балалар. Кітап» жобасы аясында кітапханашылар жас оқырмандарды жазғы әдеби аулаға жинады.
«Жаздың күні оқуға ерінбейміз» деген ұранмен балалар кітап оқып, қызықты ойындар ойнады және танымдық журналдармен танысты, жұмбақтарды шешті, сонымен қатар «Әдеби ассортимент» викторинасында сұрақтарға жауап берді.

 

 

«Ертегілер еліне саяхат»

24 шілдеде «Жаз. Балалар. Кітап» жобасы аясында балаларға «Ертегілер еліне саяхат» викторинасы ұйымдастырылып өткізілді.
Балалар ертегі кейіпкерлері туралы сұрақтарға белсене жауап берді, ертегілердің атауын және кейіпкерлердің есімдерін тауып, ертегілерден үзінділерді дауыстап оқыды.

 

Қызыл кітап

10 шілде күні кітапханада «Жоғалып бара жатқан табиғат сұлулықтары» атты экологиялық саяхат өтті. Балалар Қызыл кітаптың желісі бойынша қызықты саяхат жасады: «Қызыл кітап» неліктен бұлай аталады?, оны құру қажеттілігі неге туындады?, кітап беттері неге сан алуан өсімдіктер мен көп кездесе бермейтін жануарларға толы? деген сияқты өздерінің сан түрлі сұрақтарына танымды жауап алды. Балалар қандай жануарлардың, өсімдіктер мен құстардың жойылып кету қаупі бар екенін білді. Сондай-ақ, біздің облыстың қорықтарымен танысып, ормандағы қауіпсіздік ережелерін естеріне түсірді. «Жануарларды тап» ойынына белсене қатысып, табиғаттың Қызыл кітабы тек өсімдіктер мен жануарлардың ғана емес, адамның да ұзақ өмір сүруіне үлкен мүмкіндік деген қорытындыға келді.

 

«Жайнай бер, жасай бер, астанам!»

Кітапханада еңсесі биік, ерекше қастерлі Елордамыз – Астана қаласының төл мерекесіне қарсаңында «Жайнай бер, жасай бер, астанам!» атты интерактивті-ойын ұйымдастырылды. Шараға жазғы лагердің оқушылары қатысты.
Шара барысында оқырмандар ең алдымен Астана қаласы туралы бейне-клип тамашалап, қаланың шығу тарихы, көрікті жерлері мен қызықты деректері туралы интерактивті-ойындар ойнап, викториналық жұмбақтар шешті. Барлық ойынға белсене қатысқан балаларға журналдар сыйлыққа берілді.

 

«Қарағанды иллюстрацияда»

19 маусым күні «Жаз. Балалар. Кітап» жобасы аясында «Қарағанды иллюстрацияда» фотогалереясы ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты балалар оқуын насихаттау, ой-өрісін кеңейту болды. Іс-шара барысында балаларға қаланың көрікті жерлері туралы айтылды. Балалар қаладағы танымал жерлердің суреттерін үлкен қызығушылықпен қарады. Іс-шара соңында олар отбасыларымен бірге қай жерде уақыт өткізгенді ұнататындықтарын айтты.

Домбыра – қазағымның қазынасы

«Жаз. Балалар. Кітап» ұзақ мерзімді жобасы өз жұмысын жалғастыруда, бүгін кітапханамызда «Азбука» балалар даму орталығының балалары Домбыра күніне орай ұйымдастырылған «Домбыра – қазағымның қазынасы» атты кітап көрмесімен танысты. Кітапханашы домбыраның тарихы мен құрылысы туралы әңгімелеп берді. Балаларға біздің түрлі-түсті суреттермен безендірілген танымдық кітаптарымыз ұнады. Іс-шара соңында режиссёр мен сценаристі, жерлесіміз Әмен Әбжанұлы Қайдаровтың «Ақсақ құлан» мультфильмін тамашалады.

«Қазақ жаны -домбыра» әдеби-музыкалық композициясы

Абай атындағы балалар кітапханасы Ұлттық домбыра күніне орай
«Қазақ жаны -домбыра» атты әдеби-музыкалық композициясы өткізді.
Шара аясында «Домбыра қазағының қазынасы» атты кітап көрмесі рәсімделді. Көрмеде аспаптың тарихы, түрлері, домбыраның пайда болуы туралы аңыз, Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Дина сынды өнер иелерінің күйлері туралы кітаптар мен альбомдар қойылды.
Қатысушылар қазақ сахарасына ең көп тараған «Ақсақ құлан» күйі жайлы мультфильм көріп тамашалады.
Айтбек Тоқтаровтың жетекшілігімен «Құралай» ансамблі «Тепен көк», «Құралай» музыкалық композициялары, Абайдың «Көземнің қарасы» әні домбырада орындап берді.

Табиғат классика беттерінде

Туған өлке табиғатының қайталанбас сұлулығы жайлы қаламгерлеріміз қашан да қалам тербеген . Қаншама қаламгер бұл сұлуды поэзияда, прозада жырлаған. Кітапханада «Табиғат классика беттерінде» атты әдеби кітаптарға шолу жасалды. Балаларға табиғат туралы жырлаған жазушылардың әдебиеттерімен таныстырып, соңынан «Энергошаның саяхаты» экоойынын ойнады.

Ньютондық емес сұйықтық

Бүгін «Қызықты деректер» күні аясында №50 негізгі орта мектебінің оқушыларымен «Ньютондық емес сұйықтық» тәжірибесі өтті. «Қызықты ғылым» кітапханалық зертханасында балалар сұйықтық қалай жасалатынын үйреніп, ғылыми терминдермен танысты. Сондай-ақ, оқушыларға және «Азбука» орталығының балаларына «Wordwal» бағдарламасында мультфильмдер бойынша құрастырылған «Quiz show» және «Ақылды балалар» викториналық ойыны өтті.

«БАЛАЛАР КІТАПХАНАШЫСЫНЫҢ ЖАЗҒЫ ТӘЖІРИБЕСІ -2024» облыстық көшпелі семинар (Приозерск қ.)

27-28 маусымда Приозерск қалалық кітапханасының базасында Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен «Балалар кітапханашысының жазғы тәжірибесі-2024» атты облыстық көшпелі семинар өтті.
Семинарға Қарағанды және Ұлытау облыстарының облыстық, қалалық және аудандық орталықтандырылған жүйелерінің басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Семинар барысында Шахтинск ОКЖ қазақ ұлттық салт-дәстүрі мен музыкалық мәдениетін дәріптеу тақырыбында «Живая книга» мультимедиялық құралының тұсаукесерімен өздерінің қызықты тәжірибелерімен бөлісті. Балқаш қаласы Гайдар атындағы ОБК кітапханашысы «Wordwall» бағдарламасының интерактивті сервисінде жұмыс жасау мүмкіндіктерін көрсетті. «Кітапханадағы инфографика» тақырыбындағы әдістемелік ұсынымдарымен бөлісті.
Шет ауданының балалар кітапханашылары бірегей «Ертегі керуен» көрме-инсталляциясын және «Қожа болып көр» фотоаймағын ұсынып, белгілі қазақстандық авторлар шығармалары мен QR-ы бар қазақ халық ертегілерінің мұқабалары бар «Керуен саңдық» челленджін Балқаш қаласының Гайдар атындағы балалар кітапханасына табыстады.
Приозерск қалалық кітапханасының кітапханашылары Приозерск қаласының тарихына арналған «Туған жер – талбесігім» атты дәстүрлі емес кітап көрмесін ашып шолу жүргізді.
Семинардың екінші күні практикалық ойындар мен «Комплектаторларға көмек» атты кәсіби ойындары және 4 кезеңнен тұратын «Қызық Quiz» зияткерлік додасы өтті.
Семинар соңында барлық қатысушылар ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, осындай кездесулердің маңыздылығын атап өтті.