Қыркүйек 20, 2024 «Ертегілер мен оқиғалар сағаты» дауыстап оқу By odb-abai inЖаңалықтар «Kitap Time – 2024» III республикалық кітап фестивалі аясында «Ертегілер мен оқиғалар сағаты» атты дауыстап оқу өтті. Балаларға Әсел Имайоның «Сиқырлы скрипканың ертегілері» атты бірегей кітабы таңдалды. «AРТ-МИРАЙ» қазақтың музыка мұрасын сақтау қорының негізін салушы Әсел Имайоның қиялынан туған «Сиқырлы скрипканың ертегілері» деп аталатын кітап балаларды да, ересектерді де бейжай қалдырмайды. Оқиғалары қызық, безендірілуінің өзі өзгеше. Бұл — жай ғана ертегілер жинағы емес, сиқырлы кітап. Кішкентай оқырмандарымыз қазақтың музыкалық шығармаларынан шабыт алып жазған автордың ертегілерін оқып қана қоймай, QR-кодтың көмегімен музыкалық шығармаларды тыңдай да алады. Ол үшін ұялы телефонның камерасын QR кодына бағыттап, сілтеме бойынша өту керек. Автордың кітабындағы ертегілер қазақ, орыс, және ағылшын тілдерінде басылған. Дауыстап оқуды №21 НОМ кітапханашысы А.Ж. Искакова жүргізді. Шара қызықты болып жас оқырмандардың көңілінен шықты.
Қыркүйек 20, 2024 Kitap time -2024. Еуразиялық шығармашылық гильдиясы By odb-abai inЖаңалықтар Бүгін кітапханада «Шығармашылық – парасат биігі» атты жазушылардың Еуразиялық шығармашылық гильдиясы өтті. Шараға Израиль, Ұлыбритания, Беларусь, Ресей және Қазақстанның жазушылар гильдиясының мүшелері қатысты. Қонақтар жас ақындарға немесе тәжірибелі авторларға шығармаларын шетелде шығаруға мүмкіндік беретін өз жобалары мен халықаралық бағдарламалары туралы әңгімеледі.
Қыркүйек 19, 2024 «Тіл – ең асыл құндылық» By odb-abai inЖаңалықтар Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай кітапханада ЖШС «Azmar Premium» атындағы 1,4 сынып аралығындағы оқушылардың қатысыумен «Тіл – ең асыл құндылық» атты сұрақ-жауап ойыны өткізілді. Кітапханашылар оқушыларға тілдердің пайда болу тарихы туралы әңгімелеп, қызықты тарихи деректерді келтірді. Балалар тілдер күніне арнайылап жаттап келген өлең, әндерімен бөлісті. Ойын көптеген қызықты мәліметтер алу арқылы жақсы деңгейде өтті.
Қыркүйек 19, 2024 «Балалар кітапханасы: қала картасындағы нүкте» библиотур By odb-abai inЖаңалықтар Кітапханаға есту қабілеті бұзылған балаларға арналған № 3 арнайы мектеп-интернатының тәрбиеленушілері экскурсия келді. Кітапханашы жаңа кітаптар мен мерзімді басылымдарға шолу өткізді. Балалар әдеби шығармалармен байланысты өз құрдастарының суреттері мен қолөнерлерін тамашалап көрді.
Қыркүйек 17, 2024 «Ұлт жанашары – Герольд Бельгер» тұлғалық кітап көрмесі By odb-abai inЖаңалықтар Қазақ әдебиетің әлемге танытқан қарымды қаламгер, аудармашы, қоғам қайраткері Герольд Бельгердің 90 жылдығына орай кітапханада «Ұлт жанашары – Герольд Бельгер» тұлғалық кітап көрмесі ұйымдастырылды. Қаламгердің қаламынан «Ауыл шетіндегі үй», «Даладағы шағалалар», «Алты асу», «Тас өткел», «Бауырластықтың жанды бейнесі», «Созвучие», «Уақытпен бетпе-бет», «Мотивы трех струн», «Гете и Абай», «Родство», «Земные избранники» атты зерттеу еңбектері жарық көрген. Шығармаларының бірі 2003 жылы жарық көрген «Кезбенің үйі» («Дом скитальца») романы оқырмандардың ерекше ықыласын аудырып, қызығушылығын тудырған туынды болды. Роман желісі Қазақстандағы этникалық неміс ұлтының тағдырына арналған. Шығармада жазушының көзімен көріп, өз басынан кешкен оқиғалары баяндалады. Сондай-ақ сонау дүрбелең, зұламат жылдардың қиыншылықтарын басынан кешкен қазақ пен неміс ұлттарының тағдыры суреттеледі. Құрметті оқырмандар! Сіздерді кітап көрмесімен танысуға, кітап оқуға шақырамыз!
Қыркүйек 16, 2024 «Денсаулық сабағы» By odb-abai inЖаңалықтар Кітапханада №1 гимназияның 2 «А» сынып оқушыларының қатысуымен «Дәрумендер – денсаулық кепілі» атты денсаулық сабағы өткізілді. Балаларға жоғары санатты санитарлық дәрігер Әділбаева Рымкүл Майсатқызы салауатты өмір салты туралы, күн тәртібін сақтау, дене шынықтырумен айналысу, пайдалы дәрумендерді қолдану қажеттілігі туралы айтып берді. Балалар жұмбақтардың шешімін тауып, викториналық сұрақтарға жауап берді. Содан кейін барлығы бірге дене шынықтыру жаттығуларын жасады. Балалар «күнделікті әдеттерін» сахналап орындады, «Денсаулық ағашын» өсірді, «ертегіні толықтыр», «сұрақ–жауап», «мақал-мәтелді жалғастыр» сайысына қатысып, барлығы бірге бой сергіту жаттығуларын жасады. Балаларға салауатты өмір салтын ұстануда кеңес беретін және көмектесетін кітаптар туралы да ақпарат берілді.
Қыркүйек 15, 2024 «Шеге мен Балға» By odb-abai inЖаңалықтар «Шеге мен Балға» клубының биылғы маусымдағы алғашқы сабағы өтті. Үйірме жетекшісі Владимир Борисович Моторин балалардың құрылыс еңбек құралдары, олардың мақсаты мен қолданылуы туралы түсініктерін кеңейтті.
Қыркүйек 13, 2024 «Балғын гүлдей балақан» кітап көрмесі By odb-abai inЖаңалықтар Биыл елімізге танымал балалар ақыны Мүбәрак Жаманбалиновтың туғанына 100 жыл толады. Мерейтойлық датаға орай кітапханада «Балғын гүлдей балақан» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. М. Жаманбалиновтың өлеңдері табиғатқа, жыл мезгілдеріне, анасына, ұстазына, оқуға байланысты болып жазылған. Оның өлеңдері қырғыз, түркімен, өзбек, латыш тілдеріне аударылған. Ақының «Жауқазын» атты таңдамалы жинағына өлеңдер, поэмалар, ертегі-аңыздар, мысалдар, жұмбақтар, жаңылпаштар енгізілді. Барлық балаларды кітап көрмемен танысуға шақырамыз.
Қыркүйек 12, 2024 Журналистпен кездесу By odb-abai inЖаңалықтар «Барлық мамандықтар қажет, барлық мамандықтар маңызды» кездесулер циклі аясында Қ. Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестіктің джаз оркестрінің және мемлекеттік іс-шаралардың жүргізушісі, «5-арна» жаңалықтарының дикторы, журналист Роберт Графпен кездесу өтті. Журналист балаларға өз мамандығының қыр-сырын, ерекшеліктерін, жұмыс барысындағы кәсіби шеберлігімен бөлісті. Оқушылар сұхбат барысында журналисттің репортаж жасау барасындағы қызықты оқиғаларын тыңдап, кездесуге қызығушылық танытты.
Қыркүйек 10, 2024 Экскурсия By odb-abai inЖаңалықтар Бүгін кітапханаға Қарағанды техникалық-экономикалық колледжінің 1 курс студенттерін кітапхананың құрылу тарихымен, кітапхананы пайдалану ережелерімен, бөлімдерінің қызметімен таныстыру мақсатында экскурсия өткізді. Студенттер жаңадан түскен әдебиеттер мен мерзімді басылымдарға шолу жасап, балаларға арналған клуб пен үйірмелердің сабақ кестесімен танысты.