Archive Қазан 2024

Кітапхана серіктестік байланыстарын нығайту шарасы жалғасуда…

Кітапхана серіктестік байланыстарын нығайту үшін «Гүлнұр» бөбекжайы мен Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы арасында ынтымақтастықта туралы меморандумға қол қойылды. Шараға мұғалімдер, ата-аналар комитетінің мүшелері және «Гүлнұр» бөбекжайының тәрбиеленушілері қатысты. Құжатқа салтанатты қол қою барысында тараптар мен міндеттемелер айтылып, одан әрі бірлескен іс-шаралардың жоспары талқыланды.

Ілмек бізбен тоқу

Тоқыма тоқу – ертеден келе жатқан қолөнер түрі. Бұл өнерді меңгеріп алған адам қалаған уақытта өзіне не жақынына сый тарта алады. Демалыс күні «Free Style» арт-шеберханасының кезекті сабағы Светлана Кимнің қатысумен өтті.
Қыздар жетекшінің көмегімен ыстық тағамды үселге орналастырғанда табақ астына қоятын төртбұрышты төсеніштер тоқыды.

«Сенімен мақтанамын, Қазақстаным!»

Республика күні – еліміздің ең маңызды мерекелерінің бірі. Бұл – қазақтың сан ғасырлық мемлекеттілік дәстүрі жаңғырған күн.
Республика күні қарсаңында кітапханада № 97 гимназия мен Балаларға қолдау көрсету орталығының балалары қатысқан «Сенімен мақтанамын, Қазақстаным!» әдеби-музыкалық кеші өтті. Іс-шара барысында Қазақстан туралы өлеңдер мен әндер орындалды, сондай-ақ балалар «Қазақстан – туған жерім, туған елім!» кітап көрмесі арқылы біздің еліміз туралы кітаптармен танысты.

Кітапханашы күні

Кітапханашылар күнін мерекелеу қарсаңында Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының басшысы Баян Қуанышқызы Уатаева Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен және инновациялық-әдістемелік жұмыс бөлімінің әдіскері Ұлжан Өміржанқызы Жамауова, мектеп жасына дейінгі және бастауыш сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Күміс Ерланқызы Болатбекова Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжатта басқармасының Алғыс хаттарымен марапатталды. Құрметті әріптестер, марапаттарыңызбен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге шығармашылық жолында толағай табыс, еңбектеріңізге жеміс тілейміз!

«Киіз үй»

«Еліміздің ең басты мейрамы – Республика күні қарсаңында Қазыбек би ауданы бойынша үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімінң балалары, ата-аналары және әлеуметтік қызметкерлері үшін киіз үй этноконструкторын құрастыру бойынша тренинг өтті. Балалар ежелгі қазақ халқының ежелгі тұрағы киіз үй және оның құрылысы туралы мағлұмат алып, киіз үй этноконструкторын жинауға белсене қатысты.

«Free Style» арт-шеберханасы

«Free Style» арт-шеберханасында мастер-класс өтті. Қыздар «Әже шаршысы» техникасында ыстыққа арналған төсеніш тоқыды. Бұл әдіс қарапайым әрі қызықты. Түрлі-түсті жіптерді біріктіріп тоқу арқылы төсенішті әдемі етіп безендіреді. Бұл әдіспен тек қана төсеніш емес, сонымен қатар кардиган, майлық, көрпені де тоқуға болады. Қыздар әдемі әрі пайдалы бұйым жасап, үлкен рахатқа бөленді.

«Көңілді ағылшын»

Жексенбі күні кітапханада «Көңілді ағылшын» үйірмесінің кезекті сабағы «Көкөністер мен Жемістер. Vegetables and Fruits» тақырыбында өтті. Үйірмеге кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты. Балалар карточкалармен «Go around the flashcards» ойынын ойнап, өздерінің сүйікті жемісі мен көкөністері туралы ағылшын тілінде айтып үйренді.

«Электр құралдары және олардың түрлері»

«Шеге мен балға» үйірмесінің кезекті тақырыбы «Электр құралдары және олардың түрлері» болды. Үйірме қатысушылары электр бұрғының және шуруповерттің құрылғысымен және оларды қолдану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларымен танысты.

«КІТАП ҚҰРЫЛЫМЫ»

18 қазанда кітапханада «Кітап құрылымы» библиографиялық сабағы өтті. №3 Гимназия 2 «Б» сыныбының оқушылары кітаптың қандай элементтерден тұратынын, оның қалай дұрыс өңделетіні туралы пайдалы ақпараттарды біліп, кітапхана қорындағы ерекше форматтағы түрлі кітаптармен танысты: миниатюралық, QR-кодтары бар интерактивті, пазлды кітаптар және тағы да басқа кітаптар.
Іс-шара соңында балаларға мектепке дейінгі балаларға және бастауыш сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде кітапқа байланысты викториналық ойын және экскурсия өткізілді.

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесі

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесінің кезекті сабағында «Ертөстік» балабақшасының «Айгөлек» тәрбиеленушілерінің қатысуымен баланы дамытуға арналған танымдық тапсырмалар жинақталған «Фолиант» баспасынан жарық көрген «Менің үйім» кітапшасынан сабақ өтті.
Үйірме жетекшісі балаларды өз үйлеріндегі бөлмелеріндегі жиһаздардың атын атап сурет бойынша әңгіме құрастырып үйренді. Сабақ сергіту сәтімен жалғасып, балалар әр түрлі тапсырмалар орындады.