Archive Қазан 2024

«Әдеби кейіпкер»

Назарларыңызға «Әдеби кейіпкер» сериясынан тағы бір көрмені ұсынамыз.
Көрме Петр Павлович Ершовтың әдеби туындысы – «Конек-Горбунок» ертегісінің жарық көргеніне 190 жыл толуына арналған. Бұл ертегі кейіпкері оқырмандардың бір емес, бірнеше буынына таныс.
Ертегі баланы оқуға, өзін және қоршаған әлемді тануға үйретеді. Ертегі оқудың өзі бір ғанибет! Онда әзіл, философия және әрине, түрлі кереметтер бар…

«Ертегілер мен оқиғалар сағаты» кітапханалық жоба

«Ертегілер мен оқиғалар сағаты» жобасы тек кішкентай оқырмандарды ғана емес, сонымен қатар дауыстап оқуды ұнататын ересектерді де қызықтырады. Бұл жолы таңқаларлық дауыспен, ерекше мәнерлілікпен Р. Граф оқырмандарға А. С. Пушкиннің «Граф Нулин» поэмасын оқыды. Балалар таңданыспен тыңдап, дауыстап оқыудан кейін поэма туралы бір-бірімен пікір алмасты.

«Шабыт шуағы»

Биыл Қарағандылық балалар ақыны, драматург Бүркіт Ысқақұлының туғанына 100 жыл. Қаламы қарымды қаламгердің мерейтойы аясында кітапханамызда 2024 жылдың наурыз айынан бастап қазан айына дейін «Шабыт шуағы» облыстық сахналық қойылым байқауы жарияланған болатын. Бүгін өтінім жіберген барлық 10 қатысушы ұжымның сахналық қойлымдарын тамашалау сәті және байқаудың қорытынды әрі марапаттау кеші «С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрының» кіші залында өтті.
Қатысушылардың қойлымдарын бағалауда әділ қазылық жасаған Алматы қаласынан арнайы шақыртумен келген Бүркіт Ысқақұлының қызы, қазақ радиосының ардагері Айгүл Бүркітқызы Ысқақова, Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің докторанты, Бүркіт Ысқақов танушы Ә.Б. Жағыпар, Қарағанды мемлекеттік институтының ұстазы, филология ғылымының кандидаты, профессор Б. М. Ибраева, ҚР мәдениет қайраткері, С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрының актері, режиссер Б.М. Киекбаев.
Б.Ысқақұлының 100 жылдығына арналған «Шабыт шуағы» облыстық сахналық қойылым байқауында I орынды Нұра ауданы, Изенді ауылының оқушылары иеленді. ІІ орынды иеленген Ж.Ақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушылары, ІІІ орынды Осакаров ауданы, Молодежный кентінің және №36 ЖББ мектебінің оқушылары иеленді. Сондай-ақ, «үздік актер», «үздік актриса», «үздік образ», «үздік қойылым», «үздік декорация» номинацияларымен №53 мектеп-лицейінің, М.Мамыраев атындағы №68 мектеп-интернатының, Приозерск қаласы №2 ЖББМ, Ғ.Мұстафин атындағы ЖББМ, Ақтоғай ауданы К.Байсейітова атындағы ЖББ мектебінің оқушылары марапатталды.

«Барлық мамандықтар қажет, барлық мамандықтар маңызды» зообақ бағының қызметкерімен кездесу

Кітапханада әртүрлі мамандықтардың өкілдерімен кездесу циклі аясында «Барлық мамандықтар қажет, барлық мамандықтар маңызды» зообақ бағының қызметкері А.И. Алинмен кездесу өтті. Шараға «Ерекше білім беру қажеттілігі балаларды қолдау орталығының» балалары қатысты. Балалар хайуанаттар бағындағы жануарлармен сырттай танысып, олар туралы көптеген қызықты мәліметтер алды. Сондай-ақ, қонақ өз мамандығының қыр-сырымен бөлісіп, қызығы мен қиындығы қатар жүретін мамандық туралы оқушыларға мол мағлұмат берді.

«Кітапхана – балаларға арналған интерактивті алаң» облыстық семинар

Бүгін кітапханамызда оқырмандар үшін интерактивті алаң құруда балалар кітапханалары жұмысының жаңа әдістері мен нысандарын іздеу, кітапханашылар арасында кәсіби тәжірибе алмасу, Қарағандының балалар авторларының шығармашылығын дәріптеу мақсатында «Кітапхана – балаларға арналған интерактивті алаң» облыстық семинары өтті.
Семинар жұмысының бірінші бөлімінде Нұра ауданының БҚО әдіскері М.Бекбосынова инновациялық технологиялардың көмегімен балаларды оқуға тарту, «Wordwall», «Kahoot» платформаларында жұмыс істеу тәжірибесімен бөліссе, М.Әуезов атындағы қалалық кітапхананың балалар бөлімінің кітапханашысы Е. Величко үстел ойындары арқылы жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыру туралы айтса, Теміртау қ. ОКЖ №6 балалар филиалының қызметкері О. Звонова-Гавриленко кітапхананың түрлі ұйымдармен серіктестік байланысын кеңейту туралы ақпарат ұсынды. Кітапханамыздың инновациялық-әдістемелік бөлімінің басшысы О. Мусина әріптестерімен Абай атындағы ОБК-ның «Мәдениеттер тоғысында» жаңа жобасын іске асыру туралы бөлісті. Сондай-ақ, бүгінгі семинарға арнайы шақырылған журналист, суретші-дизайнер, promt-инженер Л.Карчевскаяның «Жасанды интеллект пен адамның өзара байланысы» тақырыбындағы баяндамасы семинар қатысушыларының үлкен қызығушылығын тудырды.
Семинар жұмысының екінші бөлімінде жерлесіміз, белгілі ақын, әдебиетші, ғалым Бүркіт Ысқақұлының 100 жылдық мерейтойына орай «Балалар кітапханасы: оқырман мен жазушы арасындағы берік көпір» дөңгелек үстелі өтті.
Шараға Алматы қаласынан арнайы шақыртумен келген Б. Ысқақұлының қызы, қазақ радиосының ардагері Айгүл Бүркітқызы Ысқақова, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің докторанты, Б. Ысқақов танушы Әділет Бауыржанұлы Жағыпар, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Алмагүл Қоғабайқызы Үмбетова қатысты.

Күзгі жапырақтар

«Шуақ» шығармашылық студиясының кезекті сабағы өтті. Сабақ күз тақырыбына арналды. Балалар жыл мезгілдері туралы әңгімелеп, күз туралы тақпақ оқыды. Балалар күзгі жапырақтардың ашық түстерін қолданып, қолөнер бұйымдарын жасады. Күз мезгілінде жапырақтар қолөнер жасау үшін тамаша материал болып табылады.

Библиодесант

Бүгін кітапхана мамандары Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған № 1 облыстық арнайы мектеп-интернатына барды. Балаларды кітапханашылар кітапхананың тыныс-тіршілігімен таныстырып, қызмет көрсету бөлімдеріне виртуалды экскурсия жасады.
Балалар үшін басты тосынсый «3D кітаптар әлемі», ойын пазылдары бар кітаптар, танымдық энциклопедиялар және жаңа кітаптарға шолу болды. Шара соңында «Бәрін білгім келеді» әдеби викторинасы өткізілді.

«Алтын және дана ғасыр» қарым-қатынас сағаты

1 қазан күні Қарттар күніне орай дәстүрге айналған Қарағанды облыстық Абай атындағы балалар кітапханасында кітапхана ісі ардагерлерімен кездесу өтті.
Мерекелік іс-шара шай үстінде жайлы атмосферада өтті. Кездесу жағымды әрі мерекелік көңіл-күй сыйлады. Қызметкерлердің көбі бір-бірін ұзақ уақыт көрмегендіктен емен-жарқын әңгімелесіп, ортақ тақырыптарын талқылап, қызықты жаңалықтарымен бөлісті. Кітапхана қызметкерлері ардагерлерге арнайы ойын-сауық бағдарламасын және тосын сый әзірледі.
Басшы Баян Уатаева бар ғұмырын кітапқа қызмет етуге арнаған азаматтарға кітапхана ұжымы атынан алғысын білдірді.
Қонақтар кітапхана қызметкерлеріне жылы лебіздерін білдіріп, кездесуден жағымды әсермен қайтты.