Archive 2024

«Менің қалам – Қарағанды» интерактивті ойыны

Қарағанды қаласы ең маңызды және айтулы оқиға – Қарағанды қаласының құрылғанына 90 жыл толуын атап өтуде. Бұл мерейтой қала тұрғындары мен қонақтары үшін Қарағанды қаласының бай тарихын еске алуға себеп болады.
Осы мерекеге орай кітапханада қала мектептерінің 8 – сынып оқушылары арасында «Менің қалам – Қарағанды» интерактивті ойыны өтті. Ойында «Қоянды жәрмеңкесін кім құрды?», «Геннадий Головкин қай ауданда тұрды?», «Шахтер Даңқы» ескерткішінің салмағы қанша?» деген әр түрлі сұрақтар оқушыларға қойылды.
№ 97 гимназия оқушылары мен Н.Әбдірова атындағы мектеп оқушылары жақсы дайындалып келіп, ойын өте қызу деңгейде өтті.
3 турдың қорытындысы бойынша команда жеңіске жетті «Жас сарбаз».
Журналист Руслан Телегиннің айтуынша, мұндай іс-шаралар балалардың туған өлке тарихына деген қызығушылығын оятуға ықпал етеді.

«Либмоб» акциясы

Сүйікті қаламыз Қарағандының 90 жылдық мерейтойына орай кітапхана мамандары «Либмоб» акциясын ұйымдастырып өткізді.
Кітапханашылар қала көшелерімен жүріп өтіп, жаяу жүргіншілерге «Балалар кітапханасына қалай баруға болады?», «Қарағанды қаласының құрылғанына неше жыл?» және т.б. сұрақтар қойып сауалнама алды. Дұрыс жауап берген ересектер мен балалар әртүрлі смайликтерге ие болды.
Кітапхананы білмейтін жүргіншілерге біздің мекенжайымыз жазылған открытка үлестірілді. Қызықты да көңілді акция-ойын кітапхананың имиджін арттыратыны сөзсіз.

«Кітапханаға саяхат»

Кітапханаға ақпан айының 6-7 күндері «Айым» балабақшасының тәрбиеленушілері экскурсияға келді. Кітапханашылар кішкентай қонақтарға кітап әлеміне саяхат ұйымдастырды.
Балаларға кітапхана ұнап кеткісі келмеді, олар кітапханаға ата-аналарымен бірге келуге уәде берді.

«Ауған соғысының қасіреті» кездесу

Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай жасөспірімдерді әскери-патриоттық сезімде тәрбиелеу мақсатында 6 ақпанда кітапханамызда ауған соғысына қатысқан ардагер-жауынгерлермен «Ауған соғысының қасіреті» атты кездесу өтті.
Кездесудің құрметті қонақтары ретінде Ауған соғысының ардагерілері С.Тоқтабеков, М.Жариков, Н.Маханов, Е.Айнабеков шақырылды.
Кездесу барысында оқушылар ардагерлердің ауған соғысы жайлы әңгімелерін ұйып тыңдады. Өз кезегінде ардагерлер қиындығы мен қасіреті мол ауған соғысы кезіндегі жауынгерлік тапсырмаларын қалай орындағандары, әртүрлі ұлттан құралған әскер қатарының мызғымас достығы мен көрсеткен ерліктері туралы, олардың әрқайсы интернационалдық борыштарын қаншалықты адал орындап шыққаны жайлы айтып берді.
Іс-шараға С.Сейфуллин атындағы гимназияның оқушылары арнайы шақырылды.

Библиотур «Балалар кітапханасы: қала картасындағы нүкте»

Бүгін Г.Потанин атындағы орта мектептің 5 сынып оқушылары үшін «Балалар кітапханасы: қала картасындағы нүкте» атты библиотур өтті.
Оқушыларға кітапхананың негізгі бөлімдері көрсетіліп, электронды қызмет көрсету және үйірмелер мен клубтардың қызметі туралы айтылды.
Экскурсия барысында балалар қазақ жазушыларының қолтаңбалары қойылған көрмені үлкен қызығушылықпен тамашалады, сонымен қатар кітапханашылар балаларды «Қарағанды облысының белгілі тұлғалары» атты өлкетану кітап көрмесімен таныстырды.

«Кітапханаға саяхат»

2024 жылдың 5 ақпанында кітапхана Г.Потанин атындағы орта мектептің 1 сынып оқушыларына есігін айқара ашты. Кітапханашы балаларға «Кітапханаға саяхат» атты қызықты экскурсия өткізді, балалар энциклопедияларымен, мерзімді басылымдармен, көркем әдебиетпен, білімнің түрлі салалары бойынша әдебиеттерімен танысты. Оқушылар «Ертегіні тап» викторинасында ертегі кейіпкерлері туралы қызықты сұрақтарға жауап берді. Кітапханаға экскурсия танымды және қызықты болды.

«Free Style» арт-шеберханасы

Бүгін кітапханамыздың белсенді оқырманы, Давлатияр Аружан, «Free Style» арт-шеберханасында кәдімгі түрлі-түсті қағаздан құлпынай пішініндегі сыйлық қорапшасын жасау идеясын үйірме қатысушыларымен бірлесе отырып жүзеге асырды.
Бұл әдетте қорапқа салатын сыйлықтың көлеміне сай әртүрі өлшемде жасалады.
Құрметті оқырман, бұл сіздің де қолыңыздан келеді! Сізді шеберлік сабағымыздың келесі сағатында асыға күтеміз!

«Пайдасы мол демалыс» әдеби бәйгесі

«Пайдасы мол демалыс» әдеби бәйгесі өз мәресіне жетті! Қысқы демалыс кезінде «Ақпараттық технологиялар» ММЛИ және «Таңшолпан» БҚО 5-сынып оқушыларына Н.Домбайжының «Хакер әжей», «Одиссейдің басынан кешкендері», Х.Керманидің «Бала Мәжиттің хикаялары», М.Твеннің «Приключения Тома Сойера», В.Железниковтың «Чучело», Э.Поттердің «Полианна» сынды кітаптарын оқып, оқылған кітаптар жайлы пікірлерін жазып, иллюстрациялар салу және жазушылардың өміріне қатысты 5 дерек табу тапсырмасы берілді.
Оқырмандар берілген тапсырманы ойдағыдай орындап, 15 иллюстрация, 17 шолу, 15 өмірбаяндық зерттеулерін ұсынды.
Әдеби бәйге жеңімпаздары: «Ең үздік иллюстрация» номинациясымен Сирочдинов Роман, Тютнева Ева, «Кітап туралы үздік шолу» номинациясымен Джайлаубаев Али, Сур Михаил, «Жазушы туралы 5 дерек» номинациясымен Тілеужан Айзере, Тимофеева Софья. Оқырмандарымызды марапаттарымен құттықтаймыз, жаңа шығармашылық табыс тілейміз.

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесі

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесінің кезекті сабағы «Ерке төлдер» тақырыбында өткізілді.
Балалар жылқы, құлын, сиыр, бұзау, қой, қозы, ешкі, лақ т.б. үй жануарларының атауын қазақ тілінде айтып үйренді. Суретте жасырылған аңдардың суретін тауып, олар туралы айтып берді.

Полиция – мәртебелі мамандық кездесу кеш

Кітапханада әр түрлі мамандық өкілдерімен кездесу циклі аясында «Барлық мамандықтар қажет, барлық мамандықтар маңызды» тақырыбында балалар орталық полиция бөлімінің жедел-криминалистикалық бөлімінің аға криминалисті подполковник Шушаев Сағынтай Күзембайұлы және Қарағанды қаласының ПБ патрульдік полиция полкінің рота командирінің орынбасары Мұрат Ерасыл Сәбитұлымен кездесті.
Балаларға полиция қызметкерлері қылмыспен және құқық бұзушылармен күресетіндіктерін және де қоғамдық тәртіпті қорғаумен, сондай-ақ азаматтардың жеке қауіпсіздігімен айналысатындары жайлы айтып берді.
Шараға қатысушылар полиция қызметкерлерімен бірге үйде, көшеде және жол қауіпсіздігі туралы яғни жүріс-тұрыс ережелерін, сондай-ақ қиын жағдай болған кезде жүгінуге болатын арнайы қызметтердің телефон нөмірлерін естеріне түсірді. Қол іздерін тексеретін сарапшының криминалистикалық чемоданы туралы да балаларға мәліметтер берілді.
Саусақ ізі туралы әңгіме мектеп оқушыларының ерекше қызығушылығын тудырды. Балалар криминалист-сарапшы рөліне еніп, оқиғаның шартты орнында іздерді табуға, әртүрлі жерлерден іздерді табуға тырысты.
Полиция қызметкерлерімен өткен қызықты кездесу балалардың есінде ұзақ уақыт бойы сақталып қалатын болды өйткені оқушылар өздері үшін көптеген пайдалы нәрселерді көзбен көріп қолмен ұстап көрді, құқық
қорғау органдарының жұмысының маңыздылығы мен қажеттілігін түсінді.