Archive 2024

«Қоқыс пайдалы болуы мүмкін» квест-ойыны

Біздің балаларымыз табиғатқа ұқыпты және адамгершілікпен қарау үшін кітапханашылар мектеп жанындағы лагерьлердің балаларына «Қоқыс пайдалы болуы мүмкін» квест-ойынын өткізді. Ойын төрт раундтан тұрды: сұрақ-жауап «Қоқыс қандай?», «Контейнерлер» логикалық ойыны, «Планетаны сақта» бояу парағы және «Экотроп» үстел үсті командалық ойыны. Ойын барысында балалар табиғат пен айналамыздағы әлем туралы өз білімдерін көрсетті.
Экологиялық іс-шараны ұйымдастыруға Қарағанды облыстық экологиялық музейі көмек көрсетіп, карточкалар, бояулар мен маршруттық карталарды ұсынды.

«Чипси мен шибауырсақ» жинағының тұсаукесері

Кітапхана жылдар бойы балаларға облыс жұртшылығына әдебиеттегі жаңа есімдермен танысуға, жаңа әдебиеттерді насихаттауға сондай-ақ қаламгерлерге қолдау көрсетуге ықпал етіп келеді.
Соңғы жылдары балалар тақырыбына қалам тербеп жүрген қаламгер Жақан Жұпар Рысқұлқызының тырнақалды туындысы «Чипси мен шибауырсақ» жинағының тұсаукесерін жасап, автормен кездесу өткізді. Айта кету керек, балаларға арналған тәрбиелік мәні зор жинаққа енген мысал әңгімелерде еңбекқорлық, тазалық, ұқыптылық, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау, жаман әдеттен сақ болу сияқты мәселелер көтерілген.
Іс-шараға жазушының достары мен туыстары, қала қонақтары және кітапхана оқырмандары шақырылды.
Балалар автордың «Шыбындар» әңгімесін талдауға қатысып, сұрақ-тапсырмалар орындады. «Сұраққа жауап бер де, кітап ұтып ал» ойынына қатысқан ең белсенді үш оқушыға «Чипси мен шибауырсақ» кітабы сыйлыққа тапсырылды.

«Ертегілер мен оқиғалар сағаты»

Бүгін жазғы оқу бағдарламасы аясында «Ертегілер мен оқиғалар сағаты» жобасының кезекті дауыстап оқуы өткізілді. Кітапханашы жас оқырмандарды түрік жазушысы Мерве Эргеноглының «Қағаз ұшақ!» ертегісімен таныстырды.

«Қарағанды иллюстрацияда»

19 маусым күні «Жаз. Балалар. Кітап» жобасы аясында «Қарағанды иллюстрацияда» фотогалереясы ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты балалар оқуын насихаттау, ой-өрісін кеңейту болды. Іс-шара барысында балаларға қаланың көрікті жерлері туралы айтылды. Балалар қаладағы танымал жерлердің суреттерін үлкен қызығушылықпен қарады. Іс-шара соңында олар отбасыларымен бірге қай жерде уақыт өткізгенді ұнататындықтарын айтты.

Платон Нечаевтың кітаптарының тұсаукесері

Бүгін кітапханада қарағандылық Платон Нечаев авторлық кітаптарын таныстырылымы өткізді. Аталмыш шара аясында балалар 10 жасар жазушы Платон Нечаевпен танысу мүмкіндігін алды. Оның шығармалары сиқырлы және шытырман оқиғаларға толы, Қарағанды қаласы мен оның бай тарихына арналған. Жас автор тереңнен от тауып, залым рухтармен күрескен кішкентай әрі батыл шопан Аппақ туралы жазады. Оқушы Қарағанды туралы, адамдарға қала салуға көмектескен сиқырлы ағаштар туралы жазады. Осы таңғажайып оқиғалардың тағы бірінде қар барысы сияқты батыл кейіпкерлер мен протезі бар ақбөкен Олимпиадаға бару арманын орындайды. Кішкентай автор өз жұмысының иллюстрацияларын жасанды интеллект арқылы жасайды. Кітаптардың тұсаукесерінен басқа, балалармен олардың болашақтағы мамандықтарын таңдау туралы қызықты әңгімелер болды. Платонның анасы және Орталық Азияның орнықты даму қорының директоры, «Platon 5D» креативті ойлауды дамыту жөніндегі оқу бағдарламасының авторы И. В. Харитонова креативті ойлауды дамыту және болашақтағы кездесетін әр түрлі қиындықтарға төзіп, оларға дайын болудың қаншалықты маңызды екендігі туралы әңгімеледі. Шара соңынада жас автор балалармен бірге естелік суреттке түсті.

«Жемқорлықсыз болашақ жарқын» ақпараттық сағат

Кітапханада мектеп жанындағы лагерьлерде демалатын балалардың қатысуымен «Жемқорлықсыз болашақ жарқын» атты ақпараттық сағат өтті.
Шара барысында оқырмандардың назарына сыбайлас жемқорлық ұғымы туралы мағлұмат беріліп, оған қарсы күрес туралы пайдалы ақпараттар беретін суреттер мен басылым беттеріндегі материалдар көрсетілді.

«Есірткі – жас өмірді улаушы» танымдық сабағы

Кітапханада «Есірткі – жас өмірді улаушы» атты танымдық сабақ өтті. Балалармен нашақорлықтың алдын алуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған әңгімелесуді Қарағанды облысының Бала құқықтары жөніндегі балалар/жастар құқықтары кеңесінің мүшесі Д.Лобадинский жүргізді.
Іс-шараның мақсаты-балаларды есірткі қолданудан сақтандыру, олардың адам ағзасына тигізетін әсерінің зияндылығын көрсету.

«Әке – алтын діңгек» кітап көрмесі

Маусымның үшінші жексенбісінде Қазақстанда Әкелер күні аталып өтіледі. Осы мерекеге орай кітапханада «Әке – алтын діңгек» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге әке туралы, әкенің отбасындағы және қоғамдағы борышы жайындағы прозалық және поэтикалық шығармалар қойылған. Көрмені тамашалуға жазғы мектеп жанындағы лагерінің балалары қатысты.
Ұлы Отан соғысының батыры Бауыржан Момышұлының ұлы Бақытжан Момышұлының «Во имя отца», «Восхождение к отцу» кітабы ерекше қымбат дүние, онда әкенің, қазақ халқы ұлының бейнесі керемет көрініс тапқан.

«Менің атым Қожа» повесінің ақыл-ой картасы

Бүгін кітапханада «Әсем» балалар үйінің тәрбиеленушілері Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» шығармасы бойынша ақыл-ой картасын жасауға қатысты. Ақыл-ой картасы – адамдарға ақпаратты немесе идеяларды ұсынуға көмектесетін көрнекі ойлау құралы.
Балалар кітап оқып, «Менің атым Қожа» көркем фильм көріп, картаға кескіндеп түсірді. Олар шығарманың негізгі сәттерін таңдап, басты кейіпкерлер Қожа, Жанар, Сұлтанның суреттерін салды. Іс-шара соңында балалар викториналық сұрақтарға жауап берді.

Виталий Бианкиден орман алқабы

Балалар жазушысы В.В. Бианкидің 130 жылдығына орай «Виталий Бианкиден орман алқабы» атты әдеби-танымдық сағат өткізілді.
Балалар табиғат әлеміне виртуалды саяхат жасады (құстардың дауысын тыңдады, жабайы жануарлардың әдеттерін бақылады), В.В.Бианкидің жануарлар туралы жұмбақтарын шешті, орман кітапханасында (В.В.Бианканың ертегілері бойынша кітаптар көрмесі) болды.
Жазушының ертегілері мен әңгімелері табиғат әлемін ашып, оның құпияларына енуге үйретеді.
Оқырмандарымыз туған өлкенің табиғатын қорғап, нағыз қорғаушыларға айналады деп сенеміз!