Archive 24.10.2018

Балалар қаламгерлерінің қамқоршысы

Кітапханада қазан айының  24 күні  балалар жазушысыШәкен Күмісбайұлының туғанына  75 жыл толуына орай«Балалар қаламгерлерінің қамқоршысы» атты телекөпір Алматы қаласындағы С. Бегалин атындағы орталық қалалық балалар кітапханасымен бірлесіп өткізілді.

Шараға Қарағанды гуманитарлық колледжінің студенттері және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстазы  А. С. Мукашева №93 гимназия, №5, 74 ЖББОМ, №7 Ж.Жабаев атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының 7-8 сынып оқушылары қатысты.

Телекөпірдің бір ерекшелігі – балалар жазушысының мектеп оқушыларымен жүзбе жүз сұхбат жүргізуінде. Қазіргі таңда қазақ прозасы майталмандарының көзі тірісінде осындай кездесулер өткізу қуантарлық жағдай. Қаламгердің уақытында бағалануы – ол оның шығармашылық жолындағы дарындылығы. Талантты жазушымыз Шәкен Күмісбайұлы қазақ әдебиетінде өзіндік орын алатын дарын иесі.

Балалар жазушысы Шәкен Күмісбайұлыөз шығармашылығы жайлы көптеген сырлы әңгімелерін айтып жас оқырмандармен сыр бөлісті. Іс-шара барысында «Балалар қаламгерлерінің қамқоршысы» атты презентация көрсетіліп, жазушының шығармалары таныстырылып өтті.

Аталмыш шара барысында №5 ЖББОМ және №7 Ж. Жабаев атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының 7-8 сынып оқушылары «Батырлар жырынан» мәнерлеп үзінді оқыды. Оқушыларға арналып «Балалар жазушысы» атты викториналық ойыны өткізіліп, «Балалықшақ – балдаурен» атты кітап көрмесіне шолу жасалынды.

 

Қайрат Кемаловпен «Жетістік формуласы» бенефис-шоуы

Өз ісіне, өзінің мамандығына берілген адамды алыстан тануға болады, егер адам дарынды болса, ол дарынды ешкімнен жасыра алмайсың.

«Жетістік формуласы» бенефис-шоуының басты кейіпкері кітапхана оқырмандары мен балаларды ғана емес, осы кездесудің ұйымдастырушылары кітапханашыларды да баурап алды. Әрі қарай оқу

«Бейбітшілікке – иә, терроризмге –жоқ»

Қазақстанда және әлемде лаңкестік пен терроризмге қарсы жүргізіліп жатқан іс-әрекеттерді жас жеткіншектерге түсіндіру мақсатында Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында 2018 жылғы 24-шісәуір №58 ЖББОМ 7 сынып оқушыларымен бірлесе «Бейбітшілікке – иә, терроризмге –жоқ» атты дөңгелек үстел өткізілді. Әрі қарай оқу