Ақпараттық шақыру хаты

Құрметті әріптестер!

2023 жылы Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы 70 жылдық мерейтойын атап өтеді. Біздің кітапханамыз Қазақстан Республикасындағы ең ірі балалар кітапханаларының бірі болып табылады. Кітапханамызда балалардың оқуын ұйымдастыруда үлкен тәжірибелер жинақталған.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі 2021 жылы кітапхананы республикадағы «Үздік облыстық балалар кітапханасы» деп таныды.
Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы және Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы 2023 жылғы 13-14 қыркүйекте Қарағанды қаласында (Қазақстан Республикасы) өтетін «Балалар кітапханасы: идеялар кеңістігі» атты мерейтойлық халықаралық форумға шақырады.
Форумның негізгі тақырыбы – заманауи цифрлық кезеңдегі балалардың оқуын ілгерілетуге байланысты көптеген мәселелерді талқылау, сондай-ақ Қазақстан мен жақын шет елдердің балалар кітапханалары жұмысының жарқын идеяларымен, креативті әдістемелерімен және табысты тәжірибелерімен алмасу.
Форум бағдарламасында: ресми тұлғалардың құттықтаулары, пленарлық, пікірталас және көшпелі панельдер, печа – куча форматында тәжірибе алмасу, жетекші сарапшы-мамандардың шеберлік сыныптары, фрэнд-акциялар, Қазақстанның балалар жазушыларымен кездесулер көзделген.
Форумның құрметті қатысушылары Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей Федерациясы, Өзбекстан елдері балалар кітапханаларының басшылары мен мамандары.
Талқылауға ұсынылатын мәселелер:
 Цифрландыру – балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыруда ынтымақтастықтың маңызды құралы;
 Балалардың бос уақытын ұйымдастыруда кітап оқу үлесін қалай арттыруға болады;
 Балалар мен жасөспірімдерді кітапханаға қалай ынталандыруға болады;
 Балалар кітапханаларын дамытудың инновациялық модельдері;
 Балалар кітапханасының жеке имиджін құру;
 Балалар кітапханаларында электронды білім беру технологияларын қолдану;
 Балалар кітапханасының сайты мен аккаунты: оқырмандар немесе кітапханашылар үшін?
 Балалар мен жасөспірімдерге арналған интернет қауіпсіздігі және Интернет этикасы;
 Тәрбие, балалар оқуы, балалар психологиясы және т.б. мәселелері бойынша балалар оқуы жетекшілерімен жұмыс туралы;
 Қазіргі балалар әдебиеті;
 және басқа да бірқатар проблемалық тақырыптар.
Ұйымдастырушылар: Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы.
Өтетін орны: Қарағанды қаласы, Бұқар жырау даңғылы, 30.
Өтетін күндері: 13-14 қыркүйек, 2023 жыл.
Қатысу шарттары:
– 20 тамызға дейін ұйымдастыру комитетінің атына форумға қатысу туралы растау хатын жолдау қажет. Баяндама болған жағдайда тақырыбын көрсету сұралады (немесе кітапхана сайтында тіркелу).
– ұйымдастыру жарнасы – алынбайды;
– іссапар шығындары – жіберуші тараптар есебінен.

Форумның жұмыс тілдері: қазақ және орыс.
Ұйымдастыру комитеті форум бағдарламасына баяндамаларды енгізу құқығын өзіне қалдырады.
Форум бағдарламасы 1 қыркүйекке дейін анықталады және кітапхана сайтында жарияланады.

Барлық сұрақтар бойынша ұйымдастыру комитетіне хабарласуларыңызды сұраймыз:
Е-пошта: odb_abai@mail.ru («Форум» белгісімен)
Интернет-сайт: https: / / odb-abai. kz
Телефондары: 8 (7212) 42-47-71 – директор; 8 (7212) 41-23-25-инновациялық-әдістемелік бөлімі
8 (700)966-44-04 Қалиева Қалқатай Мағиқызы, кітапхана басшысының орынбасары
Пошта мекенжайы: 100000, Қарағанды қ., Бұқар жырау даңғылы, 30,

Құрметпен, ұйымдастыру комитеті