Құнанбаев, Абай. Шығармалар [Мәтін] / А. Құнанбаев. - Алматы: «МӨР» Мемлекеттік шағын кәсіпорын, 1994. - 415 б. Ұлы Абайдың 150 жылдық мерейтойы қарсаңында оқырман қауымға кәдесый ретінде ұсынылып отырған бұл жинағына өлеңдері мен бірқатар аудармалары енгізілді. Құлақтан кіріп бойды алар: Қазақ әндері / құраст. М. Бестібаев. - Алматы: Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1959. - 184 б. - Бұл басылымда қазақтың халық әндері мен қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы Абай Құнанбаевтың әндері енгізілген. Құлақтан кіріп бойды алар: Қазақ әндері / құраст. М. Бестібаев. - Алматы: Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1959. - 184 б. - Бұл басылымда қазақтың халық әндері мен қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы Абай Құнанбаевтың әндері енгізілген. Құнанбаев, Абай. Мақсатым - тіл ұстартып, өнер шашпақ [Мәтін] :өлеңдер. Поэмалар. Аудармалар. Қара сөздер / А. Құнанбаев. - Алматы : Бiлiм, 2010. - 304 б. Қазақ халқының ұлы ақыны Абайдың асыл мұраларының бұл басылымы нарық талабынан емес, халық талабынын туындап отырған нәрсе. Еліміз егемендік алып, тәуелсіздігіне қол жеткізген тұста ақын шығармаларына қайта көз жүгіртіп, жаңаша көзқараспен қарау, бағалау қажеттігі туды. Көзі қарақты, көкірегі ояу, сезімі сергек оқырманды Абаймен қайта қауыштыру қасиетті де, қатерлі іс. «Мақсатым - тіл ұстартып, өнер шашпақ» деп аталатын бұл жинақты, шығарудағы мақсат – ақын шығармаларын халық арасына кеңінен насихаттау. Жинақ атауындағы «мақсұтым» дегенді «мақсатым» деп алу себебіміз – сөздің алдыңғы нұсқасының сирек қолдануынан, әрі мағынасы жас оқырманға түсінікті болсын деген ниеттен туған. Басылым сөз қадірін білетін қалың оқырман қауымға, оқушы- студенттерге арналады. Күйеу келтір, қыз ұзат, тойынды қыл [Мәтін] : Әдеби - этнографиялық таным / құраст. Б. Әлімқулов. - Алматы : Санат, 1994. - 240 б. Кітап бес бөлімнен тұрады. Біріншісінде шілдехана тойы, баланы қырқынан шығару, бесікке салу, тұсау кесу, құда түсу, қыз айттыру, келін түсіру, неке қию, оның ырымдары туралы сөз болады. Екінші бөлімде қазақ халқының жөн-жоралғылары, салт-дәстүрі әңгімеленеді. «Байлықтың бірі мал деген» үшінші бөлімде мал сою жөнінен кеңінен мағұлмат беріледі. Төртінші бөлім қазақ халқының ұлттық ойындарына арналған. Бесінші бөлімде тойда айтылатын халық әндері, халық композиторларының таңдаулы жырлары, ел арасына кеңінен танымал қазіргі ән жырлар іріктеліп топтастыралды. Кітап қалың көпшілікке арналған.