Майтанов, Б. Абай [Мәтін] : Тарих. Тұлға. Уақыт / Б. Майтанов. – Алматы : Аруна, 2004. – 92 б : т.-т. сур. – (Шығыстың ұлылары)

Кітапта тарихи тұлға, қазақ халқының ұлы ақыны, теңдессіз сөз шебері, философ, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы және бірінші классигі Абай Құнанбайұлы туралы баяндалады.

img303
img304
img305
img306
img307

Құнанбайұлы, Абай. Ата ақылы [Мәтін] / Абай Құнанбайұлы ;  сурет. Қ. Ахметжанов. – Алматы : Балауса, 1994. – 13 б., т. – т. сур.

Кітапшада ұлы ақын Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен қара сөздері бастауыш сынып оқушыларына ықшамдалынып берілген.

img273
img274
img275

Абай [Мәтін] / құраст. П. Бисенбаев. – Алматы : Аруна,  2017. – 24 б. – (Даңқты адамдар)

«Даңқты адамдар» сериясындағы кітаптар оқырмандарды талантты, танымал адамдардың өмірі мен шығармашылығы туралы көбірек білуге шақырады.

«Абай» деп аталатын бұл кітаптан  оқырмандар Абай Құнанбайұлының өмірбаяндық мәліметтерімен ғана емес, аудармалары, туып- өскен жері, басқа да қызықты фактілермен де таныса алады.

img266
img267
img268

Құнанбайұлы, Абай. Жыл мезгілдері [Мәтін] / Абай Құнанбайұлы ; сурет. Б. Машрапов. – Алматы : Жалын, 1991. – 16 б., т. – т. сур.

Бұл басылымда Абай Құнанбаевтың «Жыл мезгілдеріне» арналған лирикалық өлеңдері жинақталған. Ақын жырлаған табиғат ғажайыптарын түсіну үшін, жинақтағы өлеңдерді мұқият оқып шығу керек – «Жаз» (1886), «Қыс» (1888), «Күз» (1889), «Көктем» (1890).

img276
img277
img278
img279
img284

Құнанбаев, Абай. Қара сөздер [Мәтін] = Слова назидания / А. Құнанбаев ; ауд. С. Санбаев ; ЧФ “BAURZHAN foundation” [т.б]. – Алматы : [б. и.], 2020. – 136 б., т. – т. сур.

Қазақтың ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын атап өтетін жылы BAURZHAN Foundation қоры  «Балалар Әлемді Бейнелейді» ҚҚ-мен және «Samruk-Kazyna Trust» қорымен бірлесіп, қашықтықтан «Абайдың қара сөздері» атты жас суретшілерге арналған республикалық байқау өткізді.

Байқаудың нәтижесінде «Абайдың қара сөздері» кітабын қазақ және орыс тілдерінде басып шығаруға 90 балалар суреті таңдалынып алынды.

45 балалар бейнелеген иллюстрациялар  «Абайдың қара сөздерінің » әр тарауына арналған және оның философиялық мағынасын ашады.

img910
img911
img912