АДЫРБЕК СОПЫБЕКОВ – 85 ЖАС Адырбек Сопыбеков (1937-2016) – балалар ақыны, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының құрметті журналисі. А. Сопыбеков 1937 жылы 5 мамырда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Облыстық «Жаңақорған» газетінің редакторы болып жұмыс атқарған (1980-86 жж.). Адырбек Сопыбеков балаларға арналған бірқатар кітаптардың авторы: «Көзілдірік», «Айға сапар», «Базарлық», «Кім қалай ұйықтайды?», «Айналайын», «Шешілген жұмбақ», «Сапар мен парта» (мысал) және т.б. А. Сопыбековтың бір топ өлеңдері «Қазақ балалар поэзиясының антологиясына» (1977), «Антология казахской детской поэзии» (1983) және «Қазіргі қазақ балалар поэзиясының антологиясына» (1992) енген. Өлеңдері орыс, беларус, өзбек тілдеріне аударылған. Біраз өлеңдері бастауыш мектеп оқулықтарына енген. Абай атындағы облыстық балалар кітапханасы қорындағы Адырбек Сопыбековтың шығармалары: