Александр Волковтың «Волшебник Изумрудного города» ертегі повесіне 80 жыл

 

Волков Александр Мелентьевич (1891-1977) – орыс кеңес жазушысы, драматург, аудармашы, педагог. «Волшебник Изумрудного города» кітаптар циклының авторы ретінде өте танымал.

Александр Мелентьевич Волковтың «Волшебник Изумрудного города» ертегі повесі американдық жазушы Лаймен Фрэнк Баумның «Удивительный волшебник из страны Оз» ертегісінің негізінде бірқатар өзгерістерімен 1939 жылы жазылған.

1959 жылы автордың біршама өңделген кітабының жаңа бысылымы шықты. Бұл басылымда алғаш рет суретші Л.В.Владимирскийдің иллюстрациялары пайда болды. Кейіннен бұл кітап тағы рет өңдеуден өтті.

С.Я.Маршак өңделген ертегінің қолжазбасын мақұлдады. 1939 жылы «Волшебник Изумрудного города» повесі дербес шығарма мәртебесін алды, ол 13 тілге аударылды және 46 рет басылып шықты.

Экранға шығарылғаны және қойылымдары: «Волшебник Изумрудного города» (қуыршақ телеспектаклі, 1968), «Волшебник Изумрудного города» (көп сериялы мультфильм, 1973), «Волшебник Изумрудного города» (көркем фильм, 1994), «Приключения в Изумрудном городе» (көп сериялы мультфильм, 1999 - 2000, Россия).