Аршабеков Темірғали Тлеубекұлы
(30.03.1963)

Аршабеков Темірғали Тлеубекұлы 30 наурыз 1963 жылы Қаражал қаласында дүниеге келген.
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті тарих факультетінің түлегі. Еңбек жолын Абай атындағы Саран педагогикалық училищесінде оқытушылық қызметтен бастады.
1991-1994 жылдары Ұлттық Ғылым Академиясының Орталық Қазақстан бөлімінде ғылыми қызметкер болып жұмыс жасаған.
1994 жылдан бастап ҚарМУ-де оқытушы қызметін, 2001 жылдан бастап аға оқытушы қызметін атқарған.
2012 жылы Долинка Саяси қуғын-сүргін музейінің директоры қызметінде, 2013-2018 жылдар аралығында Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінің директор орынбасары қызметін атқарды.
2018 жылдың тамыз айынан бастап, Қарағанды облысының ғылыми-техникалық құжаттама жөніндегі архив басшысы қызметінде.
«Сарыарқа этно-мәдени зерттеулері (2001-2004 жж.)» бағдарламасын дайындаған авторлардың бірі. «Қарағанды облысының топонимикалық картасы» зерттеу жобасының ғылыми жетекшісі. «Қазақстан тарихы мен этнологиясының мәселелері» атты жас зерттеушілер жинағының үш басылымына жауапты редакторы болды. 1992 жылдан бері Орталық Қазақстан аймағы бойынша студенттердің далалық этнографиялық экспедициясына жетекшілік етті. 2001 жылы ел тәуелсіздігінің он жылдығына байланысты Облыстық Мәдениет Департаментімен бірлесіп ұйымдастырылған «Сарыарқа әлемі» экспедициясын басқарды. 2005 жылдан бастап аймақтық мәдени мұра бағдарламасы бойынша Облыстық Мәдениет Департаментінің тапсырмасымен Ұлытау-Нұра аудандарының тарихи-мәдени ескерткіштерін зерттеу бойынша, осы аудандарға этнографиялық экспедициясына жетекшілік атқарды.
«Қарқаралы күмбездері» (1997 ж.), «Жаңаарқа тарихы» (1999 ж.), «Атамекен» (2002 ж.) монографиялары, «Дәстүрлі далалық этнографияның зерттеу әдістемесі» (2003 ж.), әдістемелік құралдардың «Қасиетті мекен – Қарқаралы» (2004 ж.), «Көне көктау, байырғы Баянауыл байтағының тарихы» (2005 ж.), «Музей және тарих ескерткіштері» (2007 ж.) ғылыми еңбектерінің, «Ұлытау-Нұра аудандарының тарихи-мәдени ескерткіштері» (2008 ж.), «Ақтау бекінісі» (2007 ж.), «Нұра ауданының тарихы» (2008 ж.), «Қарағанды облысының топономиялық картасы: Ақтоғай, Қарқаралы аудандарының жер-су атауларының негіздемесі» (2008 ж.), «Сарыарқа қазақтары» (2009 ж.), «Бұқар-Жырау ауданының тарихы» (2011 ж.), «Жаңаарқа ауданының топономикасы» (2011 ж.), «Жер жәннаты – Жаңаарқа» (2011 ж.), «Сарыарқаның қолтаңбалы қолөнері» (2011 ж.), «Орталық Қазақстанның зергелік өнері» (2012 ж.), «Орталық Қазақстанның мешіттері мен медреселері» (2012 ж.), «Бұқар-Жырау ауданының топономикасы» (2014 ж.), «Кенесары жорығы ізімен» (2015 ж.), «Жаңаарқа тарих толқынында» (2015 ж.), «Алаштың Әлиханы» (2016 ж.), «Абай ауданының тарихы» (2016 ж.), «Қаз дауысты Қазыбек би» (2017 ж.), «Арқаның Әсет ақыны» (2017 ж.) еңбектерінің авторы. Абай атындағы Қарағанды облыстық кітапхана қорында «Сарыарқаның этникалық картасы» (2012 ж.), «Атбасарский уезд» (2016 ж.) атты Т.Т.Аршабековтің басқа авторлармен бірігіп құрастырған кітаптары бар.
Екі жүзден астам ғылыми мақалалардың авторы. Қарағанды облысы тарихи-мәдени мұраларды қайта келтіру жұмыстары бойынша Жаңаарқа ауданы «Сайдалы Сары тоқа», «Шоң Телғозыұлы», «Ақ Мұстафа мешіті», «Сағал» кесенелеріне ұсыныстар енгізді және ғылыми кеңесші болды. Облыс көлемінде мәдени мұраларды насихаттау барысында Қазақстан-Қарағанды телеарнасымен бірлесе «Жаңғырық», «Ізгілік сабағы», «Мәңгілік мұра» атты бірнеше хабарға тікелей қатысты. «Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл», «Үздік өлкетанушы» төсбелгілерінің, Қарағанды облысы ономастикалық комиссия мүшесі.
2020 жылдың 13-16 қазанында Т.Т.Аршабеков Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві ұйымдастырған «Ғылыми-техникалық құжаттама: дәстүрлі және инновациялық жұмыс түрлері» атты Халықаралық семинарға офлайн қатысып, тағылымдамадан өтті.
2021 жылы Қарағанды облысы әкімінің «Тіл жанашыры» сыйлығының басты аталымы «Тіл майталманы» номинациясына ие болды.

Сарыарқаның этникалық картасы

1
3
4
5
2

Кенесары жорығы ізімен

1
2
3
4
5

История Сарыарки. Атбасарский уезд

1
3
4
5
2