Мамыр 17, 2024 Аспан асты елінің дәмдері By odb-abai inЖаңалықтар 17 мамырда «Либретто» кафе-караоке барының аспазшысы Тан Сяо-Фын бейнеролик арқылы «Аспан асты елінің дәмдері» қытай асханасы тағамдарының дәмін татып көру бойынша шеберлік сыныбын өткізді. Аспазшы балаларға қытай тағамдары туралы айтып «Ағаш саңырауқұлақтары бар сиыр еті», «Сиыр еті бар Ган-фан», «Қуырылған саңырауқұлақтар», «Қуырылған пампушки» және т. б. бірнеше тағамдар дайындап көрсетеді. Қатысушылар қытай тағамдарының әзірлену жолдарын көріп, сан алуан тағамдардың дәмін татып көрді.