Кітапханада Қазақстандағы балалар жылы аясында «Қауырсын қалам» қалалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізілді.
Байқау жас талантты авторларды іздеуге және қолдауға 12-15 жас аралығындағы балалардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамытуға бағытталған.
Сайысқа балалар әр түрлі жанрдағы өз шығармаларын ұсынып қатысты.
Байқауға қазылар алқасының қарауына қаланың 25 мектебінен мемлекеттік және орыс тілдерінде 50-ге жуық жұмыс тапсырылды.
Қазылар алқасының құрамына: Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ инновациялық технологиялар колледжінің директоры Н. Смағұлова, Қарағанды гуманитарлық колледждің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Г. Мұханова, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің доценті, филология ғылымының кандидаты З. Жангабулова, Қарағандылық жазушылар Е. Понамаренко және И. Воробьева енді.
Байқау жеңімпаздар мен жүлдегерлері:
І орын – Адина Несіпбекова, «№25 ЖББМ» КММ және Варнава Елизавета, №46 «ЖББМ» КММ;
II орын – Айша Әбдіразақова, «№21 ЖББМ» КММ және Виктория Камышник мен Арина Илясова, «№25 ЖББМ» КММ (топтық жұмыс);
III орын – Серік Сұлтан, Қызылжар ауылдық мектебі, Жаңаарқа ауданы және Евгений Зиберов, «№ 46 ЖББМ» КММ.
Номинациялар бойынша:
«Адамгершілік құндылық» Нұрайым Жұмабек, «Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ;
«Креативті сюжет» Дарын Еділбай, Жаңаарқа ауданы Қызылжар ауылдық мектебі;
«Қызықты сюжет» Бекнұр Уәлихан, Жаңаарқа ауданы Қызылжар ауылдық мектебі;
«Заманауи ертегі» Еркеназ Мұхтаров, №82 ЖББМ» КММ;
«Үздік образ» Анастасия Минаева, «№1 Гимназия» КММ;
«Креативное мышление» «№97 Гимназия» КММ Даниил Еремин және Лия Жаманчинова, «№1 Гимназия» КММ;
«Золотая строка» Яна Григоркевич, «Қаныш Сәтбаев атындағы гимназия» КММ және Диана Шапеев, «№30 ЖББМ» КММ.
Байқау жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ байқауға қатысқан барлық қатысушыларға дипломдар табыс етілді. Жеңімпаздарды марапаттау «Degirmen» кафесі және «Mickey house» дүкенінің қолдауымен өтті.