«БАЛАЛАР КІТАПХАНАШЫСЫНЫҢ ЖАЗҒЫ ТӘЖІРИБЕСІ -2024» облыстық көшпелі семинар (Приозерск қ.)

«БАЛАЛАР КІТАПХАНАШЫСЫНЫҢ ЖАЗҒЫ ТӘЖІРИБЕСІ -2024» облыстық көшпелі семинар (Приозерск қ.)

27-28 маусымда Приозерск қалалық кітапханасының базасында Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен «Балалар кітапханашысының жазғы тәжірибесі-2024» атты облыстық көшпелі семинар өтті.
Семинарға Қарағанды және Ұлытау облыстарының облыстық, қалалық және аудандық орталықтандырылған жүйелерінің басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Семинар барысында Шахтинск ОКЖ қазақ ұлттық салт-дәстүрі мен музыкалық мәдениетін дәріптеу тақырыбында «Живая книга» мультимедиялық құралының тұсаукесерімен өздерінің қызықты тәжірибелерімен бөлісті. Балқаш қаласы Гайдар атындағы ОБК кітапханашысы «Wordwall» бағдарламасының интерактивті сервисінде жұмыс жасау мүмкіндіктерін көрсетті. «Кітапханадағы инфографика» тақырыбындағы әдістемелік ұсынымдарымен бөлісті.
Шет ауданының балалар кітапханашылары бірегей «Ертегі керуен» көрме-инсталляциясын және «Қожа болып көр» фотоаймағын ұсынып, белгілі қазақстандық авторлар шығармалары мен QR-ы бар қазақ халық ертегілерінің мұқабалары бар «Керуен саңдық» челленджін Балқаш қаласының Гайдар атындағы балалар кітапханасына табыстады.
Приозерск қалалық кітапханасының кітапханашылары Приозерск қаласының тарихына арналған «Туған жер – талбесігім» атты дәстүрлі емес кітап көрмесін ашып шолу жүргізді.
Семинардың екінші күні практикалық ойындар мен «Комплектаторларға көмек» атты кәсіби ойындары және 4 кезеңнен тұратын «Қызық Quiz» зияткерлік додасы өтті.
Семинар соңында барлық қатысушылар ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, осындай кездесулердің маңыздылығын атап өтті.

Comments are closed.