Бараев Рушан Касимович
(05.04.1973)

Бараев Р.Қ. Қарағанды қаласында туған және тұрады.
Білімі жоғары (Қарағанды политехникалық институты, 1990-1995).
1994 жылдан бүгінгі күнге дейін телевизияда жұмыс істейді. Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі (2011 ж.).
Ол телевизияда эфир технигі болып жұмыс істей бастады, содан кейін – балалар мен жасөспірімдерге арналған ойын-сауық бағдарламаларының авторы әрі жүргізушісі, телевизиялық жарнама әзірлеумен айналысты.
2000 жылы Москва қаласындағы Кино және телевизия институтында біліктілікті арттыру курстарынан, БРМКИ-да және Москва қаласындағы режиссерлер мен сценаристердің жоғары курстарында шеберлік сыныптарынан өтті.
2001-2003 жж. – автор и ведущий еженедельной программы «Тет-а-тет» апталық бағдарламасының авторы және жүргізушісі.
2001 жылдан – «Караганда. Страницы истории», «Ретро-новости», «Однажды в Караганде», «Моя Караганда» және басқа Қарағанды қаласының тарихы туралы бағдарламалардың, фильмдер мен телеочерктердің авторы және жүргізушісі.
«Однажды в Караганде» бағдарламасына кеншілер астанасының тарихына елеулі үлес қосқан белгілі тұлғалар қатысты.
Апталық «Моя Караганда» бағдарламасында өткен жылдар оқиғалар естеліктері туралы оны көзімен көргендер және оған қатысқандар баяндайды. Рушан Бараевтың Қарағанды туралы бағдарламалары танымдық сипатта және туған өлке тарихын кеңінен танымал етеді.
2004 жылы «Таңдау-2004» республикалық әлеуметтік жарнама байқауының лауреаты болды.
2005 жылдан бүгінгі күнге дейін «5 арна» телекомпаниясының Жаңалықтар қызметінің бас редакторы. 2006 жылғы мамырдан бастап «Жаңалықтардың» жүргізушісі.
2009 жылы «Алтын микрофон» номинациясы бойынша Қарағанды облысы әкімі сыйлығының лауреаты. 2013 жылы «Жылдың үздік шығармашылық жобасы» номинациясы бойынша Қарағанды облысы әкімі сыйлығының лауреаты.
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» ведомстволық марапатының иегері (2021 ж.).
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Нұрлы жүрек» сыйлығының лауреаты. Қарағанды қаласы әкімінің құрмет грамоталарымен, Қарағанды облысы әкімінің, ҚР Қорғаныс министрлігінің, РФ космонавтика федерациясының, «Nur Otan» партиясының алғыс хаттарымен және т.б. марапатталған.
Рушан Бараевты жаңа бастаған тілшілерге өз тәжірибесін беретін Қарағанды облысының белгілі журналистерінің бірі деп сөзсіз айтуға болады.

1
2
3
4
5