«Балалар кітапханасы өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеудің ресурсы ретінде»

Кітапханада 30 қыркүйек күні «Балалар кітапханасы өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеудің ресурсы ретінде» атты тақырыпта облыстық практикалық онлайн-семинары ZOOM платформасында өткізілді.

Семинарға Қарағанды қаласы мектеп кітапханаларының меңгерушілері  және де облыс бойынша 31 балалар кітапханаларының 92 маманы қатысты.

Кітапхана басшысы Б.К. Уатаева құттықтау сөзінде балалар кітапханаларының қазіргі заманғы оқырманды дамытуға, балалар ортасында кітап пен оқуды ілгерілетуде патриоттық тәрбиенің ролі ерекше екеніне назар аударды.

Кітапхана мамандарының назарына 5 баяндама, оның ішінде электронды құралдар мен оқулықтар жасау бойынша практикалық сабақ ұсынылып, семинар бағдарламасы көп қырлы және мазмұнды болды.

Қатысушыларға Абай атындағы ОБК инновациялық-әдістемелік бөлімінің басшысы С.Ж. Жүсіпованың Қарағанды облысының балалар кітапханаларының патриоттық тәрбие беру жұмысы бойынша тәжірибесімен таныстырды.

Балалар кітапханаларының тәжірибесінен мысалдар келтіріліп, акциялардың, іс-шаралардың жаңа нысандары мен атаулары, пайдалы интернет-ресурстарға сілтемелер, әлеуметтік желілерде кітаптарды онлайн-оқуды қалай жүргізу керектігі туралы ұсыныстар берілді.

Саран қаласының №3 кітапхана-филиалының аға кітапханашысы Б.М. Түгелбаева «Кітапхана және балабақша: табысты ынтымақтастықтың шегі» тақырыбында баяндама жасады.

Семинар барысында кітапханашылар ауыл жағдайында өскелең ұрпақтың оқу жағдайымен танысуға мүмкіндік алды. Шет ОКЖ Ақсу-Аюлы ауылының аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы А.М. Қойшыбаева аудандық балалар кітапханасында жүзеге асырылып жатқан жобаларды, акцияларды ұсынды.

Кітапханашылардың назарына Қарағанды облысының барлық балалар кітапханаларының оқырмандары қатысқан халықаралық, облыстық балалар шығармашылық байқауларына шолу ұсынылды.

Сондай-ақ, кітапхана тарапынан қатысушыларға «Ғылыми-медициналық қоғам» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өтетін «Кел, ертегі суретін салайық!» халықаралық байқауының ережесі ұсынылды.

Абай атындағы ОБК инновациялық-әдістемелік бөлімінің кітапханашысы М.С.Әбдіғалым «AutoPlay Media Studio8»  және «Movavi Video Editor Plus» бағдарламасын   пайдаланып, өлкетану электрондық әдістемеліктер, викториналар жасау» – практикалық сабағын өткізіп, қатысушылардың қызығушылығын оятты.

Семинарға қатысушылар үлкен тәжірибелік және консультативтік көмек алды.

Облыстық практикалық онлайн-семинарда патриоттық тәрбиеге жәрдемдесуде заманауи тиімді формаларды ұсынғаны үшін қатысушылар кітапхана ұжымына алғыс айтты.

Бағдарламасы

Онлайн-семинар материалдары

 

C1_972gZuCg
IMG_9630
6O-tnMwYa_0
WGRhkGmU3Ew
hSB73TGWeno
екпркп