Борис Васильевтің «А зори здесь тихие…» повесіне 50 жыл Васильев Борис Львович (1924-2013) – ресей жазушысы және сценарийші. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, драматург, сценарийші, Ұлы Отан соғысының қатысушысы. Орыс және кеңес классикасының қорына енген өшпес шығармалардың авторы. Бұлар «А зори здесь тихие…», «В списках не значился» повестері, «Не стреляйте белых лебедей» романы. Борис Васильев жазған «А зори здесь тихие…» шығармасы Ұлы Отан соғысы кезінде жанқиярлық көрсеткен бес зенитші қыз бен олардың командирінің тағдырын баяндайды. Повестің алғашқы басылымы 1969 жылы «Юность» журналының тамыздағғы нөмерінде шықты. Автордың айтуынша, повесть жарақаттанғаннан кейін Киров теміржолының негізгі станцияларының бірінде қызмет атқарып, неміс диверсиялық тобына осы учаскедегі темір жолды жаруға мүмкіндік бермеген жеті жауынгер туралы нақты орын алған соғыс эпизодына негізделген. Бірақ бұл соғыстағы дара оқиға. Бұл сюжетте жаңадан ештеңе болған жоқ. Содан кейін кенеттен менің кейіпкеріме бағынатындар ер адамдар емес, жас қыздар болсын деген ой келді. Бұдан осы повесть бірден пайда болды. Соғыста әйелдерге бәрінен де ауыр болады. 300 мың әйел майданда болды. Ол кезде ешкім олар туралы жазған жоқ. Повестің экранға шыққан ең танымалы режиссер Станислав Ростоцкийдің «А зори здесь тихие» фильмі (1972).