Емец Дмитрий Александрович

(27 наурыз 1974 ж.)

ресейлік фантаст – жазушы.

Дмитрий Емец – филология ғылымдарының кандидаты; 22 жасында ол Ресей Жазушылар Одағының ең жас мүшесі болды.

«Дракончик Пыхалка», «Приключения домовят», «Куклаваня и К°», «Властелин пыли», «В когтях каменного века», «Охотники за привидениями», «Город динозавров», «Сердце пирата», «Тайна Звёздного странника» сияқты және т.б. балаларға арналған ертегілік және фантастикалық повестер жазды.

Бірақ Джоан Роулингтің «Таня Гроттер и магический контрабас», «Таня Гроттер и исчезающий этаж», «Таня Гроттер и трон Древнира» шығармаларына негізделген сиқыршы қыз Таня Гроттер туралы кітаптары оны кеңінен танымал етті.

«Мефодий Буслаев» «Тани Гроттердің» формалды жалғасы болды, бірақ іс жүзінде сериялардың сюжеттері бір-бірімен тығыз байланыс жоқ.

2010 жылдың көктемінде автор оқырмандарға «Школа Ныряльщиков» сериясының жаңа, ерекше кітабын ұсынды.

2015 жылы ол реализмге бет бұрып, барлық жастағы оқырмандарға арналған көпбалалы отбасының өмірі туралы әңгімелейтін «Моя большая семья» жаңа сериясын бастады.

Дмитрий Емец, сондай-ақ, Әулие Владимир, Дмитрий Донской, Владимир Мономах, Ярослав Мудрый туралы повестері енген «Заступники земли Русской» атауындағы орыс князьдерінің тарихи портреттері сериясын жазды.

Жазушы үйленіп, жеті бала тәрбиелеп отыр.

Дмитрий Емецтің Абай атындағы балалар кітапханасы қорындағы шығармалар: