ЕСКЕН ЕЛУБАЕВ – 80 ЖАС

Ескен Елубаев (1942 -2017) – балалар ақыны,

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының 2016 жылғы мәдениет саласындағы Мемлекеттік стипендиясының лауреаты.
Е. Елубаев Жамбыл облысы Қордай ауданының Отар станциясында туған. Орта мектепте оқып жүрген кезінде оның алғашқы өлеңі «Ара» журналында жарияланды. Е.Елубаев 1966 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. 1966 жылдан «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде, «Жалын», «Өнер», «Балауса» баспаларында, «Балдырған» балалар журналының бас редакторы болып қызмет атқарды.
Ақын қазақ әдебиетіне сіңірген еңбегі үшін 1994 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен халықаралық «Алаш» сыйлығымен марапатталды. «Астана – Бәйтерек» ұлттық байқауының екі мәрте жеңімпазы (2007-2008), Халықаралық балалар жазушыларының «Дарабоз» байқауында (2008 ж.) екінші орынға ие болды. «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған, 2009 жылы балаларға арналған «Бір уыс бидай» (аударған Бақытжан Қанапьянов) көп актілі спектаклі үшін Мемлекеттік грант иегері болды
Ол әр түрлі жастағы балаларға арналған шығармалар: өлеңдер, ертегілер, жұмбақтар, сонымен қатар қуыршақ театрларына арналған пьесалар жазды. Оның «Балабек», «Асар» пьесалары еліміздің театр сахнасынан түспеді. 1994 жылы оның «Саған күшік керек пе?» пьесасы бойынша кинофильм түсірілді.
Е. Елубаевтың қырықтан астам шығармасы орыс және қазақ тілдерінде жарық көрген. Белгілі орыс ақындары Ю.Кушак, И.Гамазкова, Н.Ламм, М.Шварц және т.б. шығармаларын орыс тіліне аударумен айналысты.
Ақынның шығармалары мектеп бағдарламасына енгізілді, оқулықтарда жарияланды. Бұл тұрғыда «Даналық тісі», «Кім мықты?», «Батыл адам», «Мың сөз» кітаптары қызықты.
Ескен Елубаев Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының екі мәрте қонағы болды. 2013 жылы кітапхананың 60-жылдық мерейтойына арналған «Балалар кітапханасы қазіргі заманның ақпараттық қоғамында» республикалық конференциясына қатысты. Автор қолтаңбасы бар кітаптарды сыйға тартты.

Абай атындағы облыстық балалар кітапханасы қорындағы Ескен Елубаевтың шығармалары: