Қазан 27, 2024 Ілмек бізбен тоқу By odb-abai inЖаңалықтар Тоқыма тоқу – ертеден келе жатқан қолөнер түрі. Бұл өнерді меңгеріп алған адам қалаған уақытта өзіне не жақынына сый тарта алады. Демалыс күні «Free Style» арт-шеберханасының кезекті сабағы Светлана Кимнің қатысумен өтті. Қыздар жетекшінің көмегімен ыстық тағамды үселге орналастырғанда табақ астына қоятын төртбұрышты төсеніштер тоқыды.