«Кітап аңшысы» акциясы

«Кітап аңшысы» акциясы

Абай атындағы балалар кітапханасында ғажайып сиқырлы атмосфера орын алды. Сүйікті кітаптарынан алған керемет әсерлерімен бөлісу үшін жас оқырмандар «Кітап аңшысы» атты іс-шарада бас қосты. Әрбір қатусышы өз шолуын ерекше етуге тырысты: кейбіреулер жарқын иллюстрациялар салып, басқалары беттерді тартымды жапсырмаламен және стикерлермен безендіріп, шығармашылық шеберлерін кішкентай көрнекті туындыларға айналдырды.
Жұмыстардың ішінде Владислав Левицкийдің рецензиясы ерекше көзге түсті. Влад – фэнтези жанрының жанкүйері, оның сүйікті авторы – Евгений Гаглоев. Влад қасқырдың түрлі-түсті суретін салып, Пардус сериясы туралы пікір жазды.
Іс-шара соңында оқырмандар жүрегінде жарқын эмоциялар із қалдырса, кітапхана әрбір кітап – жаңа әлемге есік деген сенімді растайтын балалардың қызықты туындыларына ие болды.

Comments are closed.