Қазан 18, 2024 «КІТАП ҚҰРЫЛЫМЫ» By odb-abai inЖаңалықтар 18 қазанда кітапханада «Кітап құрылымы» библиографиялық сабағы өтті. №3 Гимназия 2 «Б» сыныбының оқушылары кітаптың қандай элементтерден тұратынын, оның қалай дұрыс өңделетіні туралы пайдалы ақпараттарды біліп, кітапхана қорындағы ерекше форматтағы түрлі кітаптармен танысты: миниатюралық, QR-кодтары бар интерактивті, пазлды кітаптар және тағы да басқа кітаптар. Іс-шара соңында балаларға мектепке дейінгі балаларға және бастауыш сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде кітапқа байланысты викториналық ойын және экскурсия өткізілді.