Редьярд Киплингтің «Книга джунглей» («Маугли») кітабына 125 жыл

Киплинг Редьярд (1865 -1936) – ағылшын жазушысы, ақын және новеллашы. Оның «Книга джунглей» кітабы, сонымен қатар көптеген өлеңдері үздік еңбектері деп саналады. «Байқампаздығы, жарқын қиялы, идеяларының кемелденуі және баяндаушылық көрнекі дарыны үшін». Нақты осындай тұжырымдамамен 1907 жылы Редьярд Киплинг әдебиет бойынша Нобель сыйлығына ие болды.

Редьярд Киплингтің «Книга джунглей» әңгімелер жинағы, онда қасқырлар тәрбиелеген бала – Маугли туралы әңгімеленеді.  «Вторая книга джунглей» оның жалғасы. Екі кітапқа да тәрбиелік мәні бар бірнеше әңгіме енгізілген. Негізгі кейіпкерлері – жануарлар.

Әңгімелер алғаш рет 1893-1894 жылдары журналдарда жарияланды: «Братья Маугли», «Охота питона Каа», «Тигр! Тигр!», «Белый котик», «Маленький Тумаи», «Слуги её величества». Редьярд Киплингтің әкесі Джон Киплинг бірнеше иллюстрациялардың авторы болды.

1942 жылдан 2018 жыл аралығында «Книги джунглей» кітабының желісінде көркем және мультипликациялық фильмдер түсірілді. Олардың ішіндегі экрандық шығарманың ең үздігі кеңестік режиссер – мультипликатор Роман Давыдов түсірген «Маугли» мультфильмі (1973).