17 мамыр күні кітапханада 10-11 жас балаларға арналған «Комиксburg» балалар комикстерінің (суреттелген әңгімелер) облыстық байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.
Байқау 01.02.-14.05.2023 аралығында Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының 70 жылдық мерейтойы аясында қазақ балалар әдебиетінің кемеңгері Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығына орай ұйымдастырылды.
Байқауға Қарағанды облысының қалалары мен аудандарынан 116-дан астам жұмыс келіп түсті. Байқау жұмыстарына әділ қазылық жасап, жеңімпаздарды анықтауға жұмылдырылғандар: балалар мен жасөспірімдер сарайының «Ала гүлдер» үлгілі бейнелеу өнері студиясының жетекшісі Олжас Исаинов; Н. Нұрмақов атындағы мектеп-лицей-интернатының тарих пәнінің оқытушысы Әсем Тарыбаева; «Мандарин» шығармашылық бейнелеу студиясының негізін қалаушы, «№2 балалар өнер мектебі» КМҚК педагогы Мария Костина және Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің студенті Елизавета Казакова. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар:
I орын – Төлепбергенов Қуаныш (Теміртау қ.) және Сембек Ақмарал ( Саран қ.) – графикалық планшет;
II орын – Майданова Інжу (Қарағанды қ.) және Семенова Анастасия (Осакаров ауданы Молодежный к.) – смарт сағат;
III орын – Еркеназ Жанабай (Қарқаралы ауданы Қасым Аманжолов ауылы.) және Арыстанбекова Ақерке (Абай ауданы Топар к.) – Bluetooth колонка.
Байқау аясында ұйымдастырушылар мен қазылар алқасының шешімімен арнайы ынталандыру номинациялары бекітіліп, жеңімпаздар диплом мен VR-көзілдірікпен марапатталды:
«Әділ қазы көзайымы» – Валеева Екатерина (Қарағанды қ.) және Өсербай Кәусар (Нұра ауданы Жараспай ауылы);
«Бірегей идея» – Бектұрған Аружан (Қарағанды қ.) және Нефедова Софья, (Шахтинск қ.);
«Бірегей сюжет» – Рымбеков Бейбарыс (Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы) және Тишкин Валерия, (Бұхар жырау ауданы Новоузенка ауылы);
«Менің кейіпкерім» – Күмісбек Нұртілек (Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы) және Нұрпейіс Айсана (Абай ауданы Топар к.).
Конкурс жеңімпаздары мен қатысушыларына А. Тоқтаровтың жетекшілігімен Қарағанды қаласының «№21 ЖББМ» домбырашылар ансамблі музыкалық құттықтауларын білдірді.