Әлімжанов Баянғали Тоқанұлы
(16.10.1954)

Әлімжанов Баянғали Тоқанұлы 1954 ж. 16 қазанда Ақмола облысы, Степняк қаласында дүниеге келген.
Ақын, драматург, жазушы, айтыс ақыны, жыршы-жырау, манасшы, кинорежиссер, сценарийші, актер, әдебиет пен өнер зерттеушісі,мәдениет қайраткері, сыншы, сатирик, кинодокументалист, тележүргізуші, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.
Б.Әлімжанов өз шығармашылығында балаларға үлкен көңіл бөледі, олар үшін ең үздік повестер, әңгімелер, өлеңдер, жаңылтпаштар жазады.
Б.Әлімжанов Степняк қаласындағы Абай атындағы орта мектепті 1971ж. бітіріп, 1977ж. ҚазМУ-дың қазақ филология факультетін бітірген. 1987 жылға дейін Алматы қаласында тұрған.
Сәбит Мұқановтың мұражайында ғылыми қызметкер, «Лениншіл жас», «Кітап жаршысы», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде тілші, «Қазақфильм» киностудиясында деректі фильмдер мен хроника бөлімінің редакторы, «Балдырған», «Жұлдыз» журналдарында проза, сын бөлімдерінің редакторы болып қызмет істеген.
1987-1997 жж. аралығында туған жері «Кеңащы» ауылына көшіп келеді, облыстық «Көкшетау правдасы» газетінің Еңбекшілдер, Уәлиханов, Щучье аудандары бойынша меншікті тілшісі, Еңбекшілдер аудандық мәдениет бөлімінде төкпе ақын болып жұмыс істеген.
1998 ж. Көкшетау қаласына көшіп, 2001 ж. дейін Ш.Хұсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрында сахна шебері болып қызмет атқарған.
2006-2013 жылдары Паң Нұрмағамбет киностудиясының көркемдік жетекшісі. 2011 жылдан бері Нұр-Сұлтанда тұрады.
Отыз жеті кітап пен төрт көркем фильмнің, алты деректі фильмнің авторы. Б.Әлімжанов 1984–2005 ж. арасында 216 рет айтысқан, жиырма екі рет республикалық ақындар айтысында бас жүлдені алады.
Екі рет жыршы-термешілер сайысында бас жүлдені жеңіп алды. Б.Әлімжанов қазақтан шыққан бірден-бір манасшы. Манастың мың жылдығына арналған Халықаралық манасшы-жыршылар конкурсына қатысып, арнайы жүлдеге ие болған (1995 ж. Қырғызстан, Бішкек).
Б. Әлімжановтың балаларға арналған өлең-жырлары «Шыршадағы шытырман» (2015), «Мейірімді Асқар» (2018), «Өлең-әліппе» (2021) деген атпен жеке кітап болып басылған.
Қазақстанда Б.Әлімжановтың 2015 жылы он екі томдық шығармалар жинағы жарық көрді. Б.Әлімжанов отыздан астам кітаптың және ондаған ұжымдық жинақтардың авторы. Оның өлең-жырлары жеке кітап болып басылған «Ауылдың ақ самалы» (2003), «Аңыз бен аспан» (2010), «Қиянатқа қарсылық» үш томдық таңдамалы шығармалар жинағы (2014), «Дариға қыз» (2014), «Деген екен…» (2016), «Сказ столетнего степняка» (2019) т.б. Көптеген шығармалары республикамыздың беделді газет-журналдарында жарияланған.
Жиырмадан астам пьесалардың, көптеген шағын сахналық шығармалардың авторы. Б.Әлімжановтың шығармалары орыс, ағылшын, испан,француз, араб, қытай, неміс, жапон, түрік, татар,башқұрт, удмурт, өзбек, монғол,ұйғыр, қарақалпақ және қырғыз тілдеріне аударылған.
2006 жылы Баянғали Әлімжановқа Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағы берілді. Қырғызстанның Композиторлар одағы мен Мәдениет министрлігінің А.Малдыбаев атындағы Халықаралық сыйлығының лауреаты, Халықаралық С.Қаралаев қоры тағайындаған «Саяқбай манасшы» медалі, Халықаралық Түркі академиясының «Түркі әлемінің манасшысы» (2019) атағы берілген. Қазақстан халықтары ассамблеясы «Мейірім» (2020), «Халық алғысы» (2020) медальдарының, Қырғызстан Республикасының «Достук» орденінің иегері (2021).

Мейірімді Асқар

1
2
3
4
5
6

Сказ столетнего степняка

1
2
3
4
5
6
7