Өлкетану библиографиясы – дәуір айнасы

Өлкетану библиографиясы – дәуір айнасы

Кітапханада тамыз айының 14 күні оқушыларға өз туған өлкесінің яғни, Қарағанды облысының тарихын, әдебиеті мен өнерін, географиясын, мәдениетін тану мақсатында «Өлкетану библиографиясы – дәуір айнасы» атты библиографиялық сабағы өтті.

Библиографиялық сабаққа «Бәйтерек» санаторийының балалары қатысып ат салысты.

Сабақ барысында оқушылар Қарағанды өңіріне байланысты анықтамалық әдебиеттер, әртүрлі («Қарағанды», «Қарқаралы», «Жаңаарқа», «Жезқазған», «Сәтбаев», «Сарыарқа») энциклопедияларымен танысып, олармен қалай жұмыс жасау керектігі жайлы ақпараттар алды. Библиографиялық сабақ соңында осы әдебиеттерді пайдалану арқылы балалармен «Туған жер тұғырың» атты библиографиялық ойыны ойнатылды. Балалар бұл ойында екі топқа бөлініп, 10 – 50 санына дейін берілген ұяшықтарды таңдап, ұяшықта берілген сұрақтарға дұрыс жауап беру арқылы ұпай сандарын жинады. Ойын соңында екі команданың ұпай сандары саналып жеңіске жеткен топ анықталды.

Comments are closed.