МҰХТАР ӘУЕЗОВТЫҢ «АБАЙ ЖОЛЫ» (1 КІТАП) РОМАНЫНА
80 ЖЫЛ

 

 

 

 

Мұхтар Омарханұлы Әуезов – қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері.
«Абай жолы» – Мұхтар Әуезовтың әлемге әйгілі роман-эпопеясы. «Абай жолы» – қазақтың көркем прозасын классикалық деңгейіне көтеріп, әлем әдебиетіне көркемдік қуат әкелген үздік туынды. Әуезов өзінің роман-эпопеясында қазақ халқын, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан энциклопедиялық деңгейде жан-жақты ашып көрсетті.
«Абай жолы» – қазақ халқының тұңғыш эпопеясы. Романның 1 кітабы 1942 жылы жарыққа шықты.
«Абай жолының» бас кейіпкері Абай. Біз ақынның өмірінің елу жылына айғақ боламыз. Абайдың адам, азамат, ақын ретінде қалыптасуы сол жарты ғасыр ішіндегі қазақ қоғамының барлық саласындағы өмірдің барлық ойы-қыры, қия-қалтарысымен өріле суреттеледі. Абай арқылы өткен ғасырдың екінші жартысындағы және осы ғасырдың басындағы бүкіл халық тіршілігін, оның көп бұралаң тағдырын, ой-арманын, мақсат-мүддесін, күрес-тартысын… бәр-бәрін түгел шарлап өтеміз. «Халық» дегенде, бұл ұғымның негізінде ұлттың әдет-ғұрпы ғана емес, ұлттық рухы жататыны сөзсіз. Демек, «Абай жолында» кешегі қазақтардың тұрмысы, әдет-ғұрпы ғана емес, күллі рухы сайрап білініп тұр.
Орыс тіліне «Абай жолы» романың аударғандар – Леонид Соболев – ленинградтық жазушы, журналист, Анна Никольская – жазушы және аудармашы және автордың өзі.
1945 жылы «Абай» романы бойынша Алматы көркем және хроникалық фильмдер киностудиясында режиссер Григорий Рошаль және Ефим Арон «Абай әндері» атты көркем фильм түсірілген.