Кітапханада қазақтың тұңғыш кәсіби мүсіншісі, Алматыдағы Абай ескерткішінің авторы Хакімжан Наурызбаевтың қолымен жасалған қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы бюсті сақталған. Бұл 1954 жылы жазылған қолтаңбасы бар авторлық бюст.

бюст1
бюст2
бюст3

    Жас мүсінші Х.Наурызбаев Абайдың мүсінін жасау бойынша жұмыс үстінде. 1954 жылғы 10 тамыздағы «Социалистік Қазақстан» газеті. ҚР МСМ ОМ қорынан.

Наурызбаев Хәкімжан Есәмханұлы (1925–2009 жж.)

        Қазақ мүсін мектебінің негізін қалаушы, еліміздің тұңғыш кәсіби мүсіншісі, еңбек сіңірген өнер қайраткері, Халық суретшісі, Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Тарлан» сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры.

       1925 жылы Ұзынкөл ауданы Ұлыкөл ауылында дүниеге келген. Кішкентай Хакімжан саздан мүсін жасауды жақсы көрген.һ. Мектепте оқып жүргенде Хакімжан А.Құнанбаев, Ж. Жабаев, В. Чапаев, К. Ворошиловтың саздан мүсіндерін жасаған.

         1943 жылдың мамыр айында Хакімжан Наурызбаевты Алматыдағы көркемсурет училищесіне жібереді. Эвакуацияланған Украин суретшісі Ольга Кудрявцева оны өзіне алды. Ол А. блоктың шәкірті, француз мүсіншісі Огюст Роденнің шәкірті болған. Бір жылдан кейін тәлімгер Хакимжанды Мәскеу сәулет институтына жібереді.

     Соғыстан кейін Ольга Кудрявцева Украинаға оралып, Хакимжанды Харьков мемлекеттік өнер институтына оқуға шақырады. 1951 жылы Х.Наурызбаев мүсін факультетін бітіріп, Алматыға қайтып оралады. Бір жылға жуық ол көркемсурет училищесінде мүсін бөлімінің ашылуына ұмтылып, сол жерде пластика өнерінің алғашқы қазақ суретші-оқытушысы болды.

      Хакімжан Наурызбаев 300-ден астам туындының авторы, оның ішінде Абай Құнанбаев, Жамбыл Жабаев, Шоқан Уәлиханов, Амангелді Иманов, Құрманғазы Сағырбаев, Дина Нұрпейісованың ескерткіштері даңқын шығарған .

        «Шоқан» мүсіні үшін Х.Наурызбаев Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығына ие болды. Әсіресе оның, мамандар Жамбылдың бірнеше портреттерін ерекше атап өтті. 1969 жылы Қазақстанның Халық суретшісі атағын алды.

      Мүсіншінің жұмыстары Мәскеудегі Мемлекеттік Третьяков галереясында, Алматыдағы Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайында және Қазақстанның басқа да көркемсурет мұражайларында қойылған.

2009 жылдың 4 қыркүйегінде Хакімжан Наурызбаев 84 жасында қайтыс болды.