МАШҚАР ГУМЕРОВТІҢ «ҮШ КҮН, ҮШ ТҮН» ӘҢГІМЕСІНЕ 65 ЖЫЛ Машқар Гумеров (1927-2002) – қазақ-башқұрт қаламгері, балалар жазушысы. М. Гумеров Башқұртстанның Асқын ауданындағы Күбияз елді мекенінде ауыл молдасының отбасында туған. М.Гумеров әдеби қызметі жылдарында мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балаларға арналған көптеген суретті кітаптар жазды. Олардың ішінде: «Бірінші рет ұшу», «Жаңа шелек», «Орман емшісі», «Аю мен бүркіт», «Үш күн, үш түн», «Қос шынар», «Жоғалған кілт», «Әкемнің әкесі», «Сұр көжек», «Көлеңке», «Өзұшар» т.б. М. Гумеровтың «Үш күн, үш түн» әңгімесі 1958 жылы жазылған. Шығарманың тақырыбы – сол кездегі қарапайым халықтың тұрмыс-тіршілігі, өмір салтын бейнелеу. Басты кейіпкер Алтайдың басынан өткен оқиғалар жайлы. Жазушының шығармалары түрлі тілдерге аударылды. Кітап көпшілік оқырманға арналған. Абай атындағы облыстық балалар кітапхана қорында 1958 жылы «Қазақтың Мемлекеттік көркем әдебиет баспасынан» жарық көрген бір дана ғана М. Гумеровтың «Үш күн, үш түн» атты әңгімелер жинағы сақталған. Гумеров, Машқар. Үш күн, үш түн [Мәтін] : әңгімелер жинағы / М. Гумеров. – Алматы : Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1958. – 105 б.