Менің қалам

Менің қалам

23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай кітапханада балалар жазушысы, ақын, журналист, Ресей Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, «Жыл ақыны» (Ресей) ұлттық әдеби сыйлығының номинанты Наталья Инжевскаямен (Морозова) шығармашылық кездесу өткізілді.

Кездесуге жас ақындар мен қарағандылық журналист Анна Строкова шақырылды. Өткізілген іс-шараға №48 ЖББОМ (Қарағанды) және №17 ЖББОМ (Саран) 7-8 сынып оқушылары, сонымен қатар №45 гимназияның (Қарағанды) 10 сынып оқушылары қатысты.

Кездесу басында Наталия Инжевская қарағандылық саңлақ ақындардың арасынан жас ақындардың есімдерін таныстырды, бұлар Қарағанды қаласының мерейтойына арналған жас ақындар мен мәнерлеп оқу шеберлерінің «Өлеңім – Қарағандым» байқауының жеңімпаздары, байқауда өздерінің авторлық шығармаларын оқып, «Авторлық оқылым» номинациясында І, ІІ орын алған «Альтер» еркін даму мектебі» ЖМ оқушылары Магамадова Диана (5 сынып) және Мартынов Владислав пен Рымбаев Руслан (10 сынып). Олардың туындылары «Сүйікті және туған өлкем» жинағының «Творчество юных» бөліміне енгізілді.

Наталия Анна Строкованы Қарағанды ақындары саңлақтарының орта буыны ретінде таныстырды. Барлығы оны шығармашылық қызметінің өзге қырынан таныды, Аннаның керемет өлеңдер жазатынын, мюзиклде ойнайтынын және ән шырқайтынын білді. Өткізілген іс-шарада Анна оқушыларға өзінің лирикалық өлеңдерін оқыды және сөзін Наталия Инжевская, музыкасын Олег Клюев жазған «Cлучайный попутчик» әнін орындап, қошеметке ие болды.

Ақындардың аға буыны – Наталия Инжевская, ол әр жылдардағы жинақтарынан лирикалық өлеңдерін оқыды, балалардың сұрақтарына жауап берді.

Соңында «Менің қалам» сериясында Қарағанды және Қарағанды облысының мәдениеті туралы 2018 жылы жарыққа шыққан 5 томдық мақалалар жинағының таныстырылымы болды, жинақ кітапханаға сыйлыққа берілді. Кітапхана қоры жас ақындар мен Наталия Инжевскаяның қолтаңбалары қойылған жаңа кітаптармен толықты.

Кездесу шат-көңілді әрі жайлы жағдайда өтті.

Comments are closed.