Наурыз 30, 2022 Микроскоп астындағы тіршілік By odb-abai inЖаңалықтар «Қызықты ғылым» кітапханалық зертхана аясында кітапханада балалардың микроскоппен таңғажайып танысуы өтті. Балалар микроскоптың қалай пайда болғанын білді, слайдтардан алғашқы үлгілерін қызыға қарап, олардың сыртқы түрін заманауи микроскоппен салыстырды. Біздің тұрақты оқырмандарымыз жабдықтардың құрылымымен танысқан соң, су, пияз, құс қауырсындары, шаш үлгілерін зерттеген бірқатар тәжірибелер жасады. Тәжірибелік сабақта микроскоптың қарапайым көзге көрінбейтін заттардың үлкейтілген кескіндерін алу үшін қолданылатынына көз жеткізді. Микроскоппен нені көре алды? Пияздың тілімдерін зерттей отырып, балалар олардың жасушалар деп аталатын әр түрлі шағын бөліктерден тұратынын көрді. Суда қара нүктелер – бактериялар көрінді. Құмды қарап-көргенде минералдарға ұқсайтын үлкен тас кесектерін көрді. Балалар жасуша үлгілерін телефондарына түсіріп те үлгерді. Танымдық сабақтың соңында балаларға арналған «Бәрі микроскоп туралы» атты қызықты кітаптарға шолу жасалды.