МОЛДАХМЕТ ҚАНАЗОВ – 80 ЖАС Молдахмет Қаназов (1942) – балалар жазушысы, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты (2016), Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. М. Қаназов 1942 жылы Қызылорда облысы Арал ауданы Тоқабай ауылында дүниеге келген. М.Қаназов 1963 жылы Шымкент қаласында Н.К.Крупская атындағы педагогикалық институттың филология факультетін бітірген. Молдахмет Қаназов әдебиетке алпысыншы жылдары келген қаламгерлердің бірі. Алғашқы шығармалары 1970 жылы жарық көре бастады. 1985-1992 жылдары аралығында белсенді шығармашылық қызметпен айналысты. 1971 жылы М.Қаназовтың «Чика – Дабылдың баласы» повесі Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы жөніндегі мемлекеттік комитеті, ЖБЛКО Орталық Комитеті және Қазақстан Жазушылар одағы жариялаған байқаудың ІІІ дәрежелі сыйлығымен марапатталды. Автор «Чика – Дабылдың баласы» (1971), «Сонар» (1973), «Жер кіндігі» (1975), «Ақ тайлағым-ай!» (1980), «Құм ойнау» (1984) және т.б. кітаптарды жазды. 1982 ж. «Жалын» баспасы төрт шағын әңгімеден тұратын М.Қаназовтың «Свет далекого солнца» әңгімелер жинағын орыс тілінде шығарды. Жазушының көптеген шығармалары орыс, өзбек және грузин тілдеріне аударылған. М.Қаназов аудармашылық қызметпен де айналысты. Ол И.Мелеев, В.Карпов, Е.Пелин, В.Распутин сияқты авторлардың шығармаларын қазақ тіліне аударды. 2001 жылы жазушының қазақ халқының ұлт – азаттық күресінің жарқын өкілдерінің бірі Жанғожа батырдың өміріне арналған «Жанғожа» атты кітабы жарық көрді. Абай атындағы облыстық балалар кітапханасы қорындағы Молдахмет Қаназовтың шығармалары: